Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын алқылау және оған сәйкес шаралар қабылдау мақсатында алқа отырысы өтті.
Алқа отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштерінің өңірлердің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін дамытумен арақатынасы туралы айтып өтті.
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстанда МӘМС енгізуге дайындық барысы және ҚР-да жалпы өлім-жітімді төмендету шаралары туралы айтты.
Алқа материалдарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.