ҰҒДСДО базасында денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша медициналық ұйымдар үшін біліктілікті арттыру курсы іске қосылды

 

 

         2023 жылғы 13-17 қараша аралығында денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін біліктілікті арттырудың алғашқы курсы өткізілді.

         Оқу барысында тыңдаушылар денсаулық сақтаудағы аккредиттеу тарихымен, халықаралық қауіпсіздік мақсаттарымен, аккредиттеудің негізгі қағидаттарымен және медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін басқарудағы тәсілдермен танысты.

         Бүгінгі күні аккредиттеу денсаулық сақтау ұйымдары мен медициналық мекемелерді өз тәжірибелері шеңберінде клиникалық қызметтерін дамытуға және жетілдіруге ынталандыруға бағытталған. Қазір көбінесе процестерді түсіну және сыртқы кешенді бағалау қажеттілігі медициналық ұйымдардың топ-менеджмент шеңберлерінде ғана шоғырланып, бұл өз кезегінде бағалауға дайындық кезінде де, оны жүргізу кезінде де жасанды кедергілер тудыруда.

        Айта кету керек, осындай біліктілік арттыру курстарын өткізу медицина қызметкерлердің көбіне медициналық көмек көрсету кезінде сапа мен қауіпсіздік мәселелерін білуді кеңейтуге және түсінікті жақсартуға, медициналық ұйымды аккредиттеуге дайындау және өту кезінде медициналық персоналды тарту мәселелерін шешуге, медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау ұйымдарының аккредиттеу рәсімдеріне қатысуын танымал етуге, сол арқылы медициналық ұйымдардың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде медициналық қызмет көрсету кезінде сервисті жетілдіру және салауатты бәсекелестікті қалыптастыра отырып, медициналық ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.