ҰҒДСДО сарапшылары акушерлік практикадағы ана өлім-жітіміне және қиын жағдайларға құпия аудит жүргізу бойынша оқыту семинарына қатысуда

        16-18 қараша аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы ЮНПФ елдік кеңсесімен бірлесіп «ҚР-дағы акушерлік практикадағы ана өлім-жітімі мен қиын жағдайларға құпия аудит» тақырыбында оқыту семинарын өткізуде.

       Оқытудың мақсаты - ҚР-дағы перинаталдық көмекті өңірлендірудің 2-ші және 3-ші деңгейлеріндегі босандыру ұйымдарындағы акушерліктің қиын жағдайларына және ұлттық деңгейде ана өлім-жітіміне құпия аудит жүргізуді енгізуді одан әрі күшейту.

       Құпия аудит әдіснамасы бойынша аталған оқыту семинар жұмысына денсаулық сақтау саласының ұлттық және өңірлік сарапшылары және ҰҒДСДО-ның Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру департаменті және Денсаулық сақтаудағы аккредиттеу департаментінің сарапшылары қатысуда.

      Семинар барысында талқыланып жатырған өзекті мәселелер бұл  ҚР-да ана өлімінің құпия аудиті мен қиын акушерлік жағдайлардың аудитін енгізудің негізгі қағидаларын талқылау, осы кезеңге дейін қол жеткізілген нәтижелер және алынған сабақтар болды.

      Осы ретте айта кету керек, елімізде ана өлім-жітімінің құпия аудитіндегі халықаралық әдіснамасы және қиын акушерлік жағдайлардың аудиті нормативті түрде бекітілген.

      Сондай-ақ, құпия аудит әдіснамасы бойынша оқыту ұлттық медициналық білім беру жүйесіндегі денсаулық сақтау менеджерлерін дипломнан кейінгі даярлау оқу бағдарламасына енгізілген.