Алматыда ЮНИСЕФ-тің психикалық денсаулық және туберкулезге қарсы көмек қызметтерінің медициналық-санитариялық алғашқы көмекке (МСАК) интеграциялануын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтуде

 

 

          Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының сарапшылары Қазақстандағы психикалық денсаулық және туберкулезге қарсы көмек қызметтерінің медициналық-санитарлық алғашқы көмекке (МСАК) интеграциялануын бағалау бойынша зерттеу нәтижелерін талқылау үшін ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысына қатысуда.

          Іс-шараның басты мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы сарапшылармен еліміздегі МСАК-қа психикалық денсаулық сақтау және туберкулезге қарсы көмек көрсету жөніндегі қызметтерді интеграциялауды таныстыру және талқылау, сондай-ақ МСАК-та АИТВ/ЖИТС жұмыс істеуінің халықаралық тәжірибелерімен бөлісу.

         Дөңгелек үстел барысында МСАК-та АИТВ/ЖИТС қызметтерін кезең-кезеңімен интергациялау, интеграция барысында туындауы мүмкін кедергілер мен ықтимал тәуекелдер жөніндегі мәселелер талқыланды.

         Осы тұста айта кету керек, ЮНИСЕФ-тің психикалық денсаулық сақтау және туберкулезге қарсы көмек қызметтерінің МСАКқа интеграциясын бағалау бойынша зерттеулері ҚР Үкіметі мен елдегі жетекші ғылыми орталықтар және МСАК ұйымдарымен бірлесіп «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жүргізілген болатын.

         Сонымен қатар, талдау материалдарын дайындауда ҰҒДСДО сарапшылары да тартылғанын атап өту керек. Себебі, Орталық өз жұмысы барысында мемлекеттік бағдарламаларды, жол карталарын, салалық жобаларды және түрлі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және әдіснамалық іске асыруды сүйемелдеуге қатыса отырып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып келеді.