Одан әрі, салтанатты жағдайда, ерекше марапаттар өз иелерін тапты.
Жоғары кәсібилігі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен МКЖО басшысы - Жазира Иманова, бас менеджер талдаушы – Жанарқұл Оспанова және Денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау бөлімінің бастығы Лязат Сәдуақасова марапатталды.
Сонымен қатар, еңбек сіңірген бірқатар басқа қызметкерлер денсаулық сақтау министрлігінің және алғыс хаттары мен ДСДРО грамоталарына ие болды.
Іс-шара соңында «Қазақстанның Тәуелсіздігі» тақырыбында шағын викторина және марапатталған қызметкерлермен дәстүрлі фототүсірілім өткізілді.