ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: ОНКОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК БОЙЫНША CALL-ОРТАЛЫҚ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСТЫРУДА

        Осыған дейін хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 11 маусымынан бастап біздің базамызда онкологиялық көмек көрсету мәселелері жөніндегі республикалық call-орталық жұмыс атқарады.

       Бүгінгі күні call-орталық 130-ға жуық өтінішті өңдеді, күн сайын 15-ке дейін өтініш өңделеді.

       Өтініш беру кезінде  мәселелер  «осында және дәл осы сәтте» қағидаты бойынша шешіледі.

        Әрбір өтініш берушінің онкологиялық көмек көрсету тәртібі бойынша кеңес алуға мүмкіндігі бар.

       Айта кету керек, көп жағдайда біздің азаматтарымыздың жүгінетін мәселелері медициналық ұйымдардың жұмысы мен медицина қызметкерлерінің функционалдық міндеттері және пациенттердің өз жауапкершіліктері туралы жеткіліксіз хабардар болуына байланысты болып отыр.

      Сall-орталығының жұмысы барысында тұрғындар мына мәселелер бойынша жиі жүгінеді:

  • қашықтан (телемедицина) қызмет көрсетуді қоса алғанда, барлық деңгейде онкологиялық көмек көрсету процесін  нақтылау.
  • тиісті медициналық ұйымдарда көмек алудың жолдары бойынша консультациялар.

     Сондай-ақ, барлық өтініштер аясында медициналық ұйымдармен онкологиялық науқастарға көмек көрсету алгоритмдерін пысықтау және онкосақтықты күшейту бойынша жұмыс жүргізілуде.

      11 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін мынадай мәселелер шешілді:

  • онкологиялық стационарға жатқызу бойынша – 12;
  • АДҚ бойынша – 20;
  • КДҚ бойынша – 30.

       Егер де онкологиялық ауруларды емдеуге қатысты сұрақтарыңыз болса, қосымша ақпарат немесе кеңес алу үшін 8 (7172) 570-950 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласыңыз.

       CALL-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

       Демалыс күндері өтініштер onco_komek@nrchd.kz электрондық поштаға қабылданады.

       Денсаулықты  қалпына келтіру жолындағы әр қадамда Сізге және Сіздің жақындарыңызға көмектесуге дайынбыз.