Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы базасында онкологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша нөмірі 8 (7172) 570-950 болатын республикалық call-орталық жұмысын бастады.
Осы нөмірге қоңырау шалу арқылы сіз онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасына, оның ішінде емделуден бас тарту және көмек көрсету жағдайларына қатысты өтініш қалдыра аласыз.
Әрбір өтініш мұқият қаралып, тиісті медициналық көмек көрсету шаралар қабылданатын болады.
CALL-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Демалыс күндері өтініштер onco_komek@nrchd.kz электрондық поштасы арқылы қабылданатын болады.