Қазақстан Республикасында 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Ауылдардан бастап ірі қалаларға дейін белсенді азаматтық ұстанымы бар мыңдаған адам осы идеяны қолдады: адамдарға өз еркімен және риясыз көмек көрсету, адам капиталы мен қоғамның дамуына үлес қосу.
Осылайша, ұжымның жалпы жиналысында ДСДРО қызметкерлері бірінші кезекте салауатты өмір салтын насихаттау, халықтың медициналық сауаттылығын арттыру және т. б. «Еріктілер жылға» арнап іс-шараларға белсенді қатысады деген шешім қабылданды.
ДСДРО бас директоры Қанат Тосекбаевтың айтуынша, осындай сипаттағы іс-шараларға қатысуы ұжымның бірлігін нығайтуға, сондай-ақ әрбір қызметкердің рухани өсуіне әсер етеді.