орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы кеңейтілген алқасына қатысты.
Өз сөзінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов министрліктің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары туралы айтып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының медициналық қоғамдастығы өкілдерінің бірқатар негізгі мақсаттары мен міндеттерін белгіледі.
Осы кездесу барысында Министрлік алқа қонақтары - Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов пен Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы оң пікірлер айтылды.
Сонымен қатар, аталған іс-шара барысында Министрлікке ведомстволық бағынысты органдардың басшылары, депутаттар мен жұртшылық өкілдері сөз сөйледі. Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігінің алқа және қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақытжан Тәжібай медициналық қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру жөніндегі шаралар туралы пікірді қызықты түсіндірді. Ал Мәжіліс депутаты, тәжірибесі мол дәрігер Зәуреш Аманжолова "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" жаңа кодекстің резнанс нормалары мен жаңалықтарын туралы өз пікірін айтты.