2020 жылдың 21 ақпанын күні тәжірибе алмасу мақсатында Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығына патронаждық келулер мен міндетті медициналық сақтандырудың әмбебап прогрессивті моделін енгізу тәжірибесін зерделеу бойынша іс-сапармен Әзірбайжан Республикасының делегациясы келді.
Бас директордың орынбасары Ж. Т. Нұрғалиева Әзірбайжан әріптестеріне Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің соңғы реформалары туралы презентация ұсынды. Оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, сондай-ақ денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс жобасы талқыланды. Қазақстанның денсаулық сақтауды реформалау саласындағы озық тәжірибесі делегация мүшелерінің қызығушылығын тудырды.
Бұл сапар екі елдің денсаулық сақтау мамандары арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа үлкен үлес қосатыны сөзсіз.