ДСДРО-да 2017 жылдың сәуір айынан бері денсаулық сақтау саласындағы бастамаларды сүйемелдеу және қайта реттеу қызметі жұмыс істейді

 

Қызметтің іс-әрекеті туралы:


Денсаулық сақтау саласындағы бастамаларды сүйемелдеу және қайта реттеу қызметі  2017 жылдың 31 наурызындағы №43-н «Штаттық құрылымды және кестені бекітуі туралы» Бас директордың м.а. бұйрығымен құрылған, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Қызметтің жұмысы:

  1. «Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді қайта реттеу, азайту» жобасын, «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту», «Жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдары үшін кедергілерді азайту  нарығын ырықтандыру» жобасы аясындағы бастамаларды,  «Денсаулық сақтау мәселелері бойынша  кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру;
  2. Денсаулық сақтау саласында құқықтық және нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормалары бойынша бастама көтеру;
  3. Денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріндегі әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне тексеріс жүргізу;
  4. Денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара бірлесіп әрекет ету. 

 

Раскрывающиеся блоки "div" на JavaScript. Демонстрация.

БАЙЛАНЫС

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, 18В кіреберіс

Телефон: 700-950 (1101,1035, 1141,1087)

Электрондық почта:

seidakhmetova_a@rcrz.kz

Balabekova_M@rcrz.kz

suyunshaliyev_m@rcrz.kz

aubakirova_af@rcrz.kz

 

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

 

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында «Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді қайта реттеу, азайту» жобасын іске асыру аясында мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілді:

 

Төменде көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің бұйрықтарының жобалары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілген:

 

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Жолаушылар және жүк тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын» бекіту туралы» бірлескен бұйрығының жобасы.

 

ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ

 

 

«Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді қайта реттеу, азайту» жобасы

 

1. Жобаның мақсаты:

Бизнес үшін жағдайды (шарттарды) жақсарту мақсатында әкімшілік кедергілерді қысқарту, денсаулық сақтау саласының өзін-өзі реттеу жүйесін дамыту үшін жағдай жасау, мемлекеттік қызметтердің (функциялардың) бір бөлігін үкіметтік емес секторға беру.

 

2. Жобаның міндеттері:

  • Бизнестің жүруін жақсарту мақсатында әкімшілік кедергілерді қысқарту;
  • мемлекеттік қызметтердің (функциялардың) бір бөлігін үкіметтік емес сектор мен бәсекелес ортаға беру;
  • Министрліктің бақылау-қадағалау қызметтерін (функцияларын) қайта қарау – тексеруді азайту арқылы бизнеске қысым көрсетілуін, субъектілер қызметіне лауазымды адамдар тарапынан араласуды азайту;
  • Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтер нарығын жедел дамыту мүддесімен нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
  • Медициналық қызмет көрсету сапасы жөніндегі біріккен комиссияны (СБК) ӨРҰ-ға ауыстыру;
  • Бизнес үшін кедергі болатын Санитарлық ережелер мен нормаларды, Құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын жою мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын тексерулер санын азайту;
  • Кәсіби медициналық қауымдастықтардың өзін-өзі реттеу жағдайында халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істеуі және дамуы.

«Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді қайта реттеу, азайту» жобасын іске асыру бойынша жол картасы

2017 жылға арналған «Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді қайта реттеу, азайту» жобасының желілік кестесі

2017 жылға арналған «Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық бойынша мемлекеттік жүйе құжаттарын қайта қарау» ішкі жобасының желілік кестесі

«Денсаулық сақтау саласының жекеменшік ұйымдары үшін нарықты ырықтандыру және кедергілерді азайту» бастамасы бойынша тыңғылықты жоспар

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жол картасы


 

/

Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің толық тізбесі қалыптастырылды.

06.06.2017 жылы Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау жоспары бекітілді (2017 жылдың 6 маусымындағы № 71-н ДСДРО Бас директорының бұйрығы)


Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін қайта қарау жоспары

Денсаулық сақтау саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға бөгет болатын әкімшілік кедергілерді анықтау үшін сауалнама жүргізу

 

Жекеменшік медициналық практикамен айналысуға жеке тұлғалардың бастамаларын дамыту әлеуетін анықтау үшін сауалнама жүргізу

Жаңалықтар

Полезное (kz)