Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері келесілер болып табылады:
1) бюджет қаражаты;
1-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері;
2) ерікті медициналық сақтандыру қаражаты;
3) ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат;
3-1) жеке және заңды тұлғалардан ерікті қайырмалдықтар ретінде түскен қаражат;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер болып табылады.
Денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қаражаттары:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтауға;
2) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;
3) дәрілік заттарды, орфандық (сирек кездесетін) дәрілік препараттарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды және басқа да иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды), сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алуға;
4) инфекциялық аурулардың көріністері мен эпидемияларын жоюға;
5) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға;
6) медицина ғылымының жетістіктерін дамытуға және енгізуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады.
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Денсаулық сақтау экономикасы орталығы (бұдан әрі - Орталық) қызмет ету мақсаты медициналық қызмет үшін ақы төлеу тетіктерін жетілдіру, макроэкономикалық зерттеулер жүргізу және денсаулық сақтау саласындағы нәтижелерді енгізу жолымен денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды жетілдіру болып табылады.
Төменде соңғы екі жылда Орталықтың денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды жетілдіру бойынша жүргізген бірқатар жұмыстары көрсетілген:
- МӘМС енгізу дайындығы бойынша іс-шаралар өткізу және сәйкесінше есептеулер жүргізу;
- Ғаламдық бюджет бойынша ауылдың денсаулық сақтау саласы мен онкологиялық қызметіне ақы төлеудің әдістері мен тетіктерін әзірлеу;
- 2011-2015 жж. аралығында медициналық көмек нысандарына қатысты ТМККК қаржыландырылуын талдау;
- МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді бірігіп төлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Медицина қызметкерлерінің жалақысын бағдарламалық түрде көтеру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
- Денсаулық сақтау саласындағы қор жинау тетіктерін әзірлеу және жетілдіру;
- Жобаның экономикалық тиімділігін бағалау бойынша «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасын іске асыруды әдістемелік сүйемелдеу;
- «Халықты түгелдей медициналық қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтауды қаржыландыру реформалары» P4H (Providing for Health) ғаламдық желісі шеңберінде әріптестік ынтымақтастық бойынша Шетелдік конференция (Дөңгелек үстел) ұйымдастыру және өткізу;
- Қазақстан Республикасында медициналық инфляция деңгейін бағалау және бағалау жүргізу әдістерін әзірлеу;
- Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау қызметтері үшін сатып алу қабілеттілігінің паритеттін бағалау;
- 850 MO-дағы (17 аймақ), медициналық көмек нысандары (медициналық көмектің 9 түрі), меншік нысандары (МҚКК, ШЖҚ МҚК, ММ) бойынша 2016, 2017, 2018 жылдың 6 айындағы медицина қызметкерлерінің нақты жалақыларын талдау;
- Медициналық персоналдың жалақысын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының 16 денсаулық сақтау ұйымында жедел басқаруды жетілдіру бойынша пилоттық жобаны жүргізу (нақты шығындарды есепке алу, шығындарды оңтайландыру және жоспарлау, жалақы төлеу қорын есепке алғанда бюджетті жоспарлау, бюджеттің орындалуын және түзетулер енгізілуін бақылау);
- Жалпы қосылған құны бар денсаулық сақтауды нақты өсу индикаторын модельдеу және оған мониторинг жүргізу;
- Медициналық ұйымдарда ақылы қызметтерді талдау және оларды реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар беру;
- Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын жыл сайын қалыптастыру және жетілдіру, ЭЫДҰ ұсыныстарын іске асыру.
Серіктестік ынтымақтастық бойынша Халықаралық Конференция: Халықты әмбебап медициналық көмекпен қамтуды қамтамасыз етуге арналған денсаулық сақтауды қаржыландыру реформалары, 2018 жылғы 19-20 маусым, Астана, Қазақстан
- Толығырақ
- Автор: Super User
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігі
Бірлескен ұйымдастырушылар:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы (әрі қарай – ДСДРО) және P4H – Денсаулық сақтауды және әлеуметтік қорғауды қаржыландыру ғаламдық желісі
Өткізілу орны: Керей, Жанибек хандар көшесі, 5/1, Назарбаев Университет Медицина мектебі, 1-қабат, Конференц-зал №109
Талқыланатын басты мәселелер:
- Халықты әмбебап медициналық көмекпен қамту үшін денсаулық сақтауды қаржыландыру;
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;
- Бейресми секторды медициналық сақтандыру жүйесіне қосу;
- ТМККК пакеттері және әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы қосымша толемдер;
- Саяси экономика аспектілері және дәлелді мәліметтер негізінде шешім қабылдау процесстерін енгізу;
- Денсаулық сақтауды құндылық бығдарымен қаржыландыру;
- Денсаулық сақтау саласындағы басқару мен реттеу;
- Денсаулық сақтау саласындағы серіктестік.
Аудитория саны: 200 адам
Конференция бағдарламасының жобасы
Бірінші күннің материалдары
- Claude Meyer_Экономика и финансирование здравоохранения и социальная защита здоровья для UHC
- Konrad Obermann_Политика и стратегия финансирования здравоохранения для обеспечения всеобщего охвата населения услугами здравоохранения в Европе
- Eduardo Banzon_Основные проблемы финансирования здравоохранения и социальной защиты в Азии
- Jean-Olivier Schmidt_Актуальные вопросы в развивающихся странах с медицинским страхованием как инструмента для обеспечения всеобщего охвата населения
- Бахмутова Елена Леонидовна_Внедрение обязательного социального медицинского страхования
- Triin Habicht Estonia_Опыт Эстонии в развитии и управлении обязательным медицинским страхованием
- Adelhard Health_Распространение страхового покрытия на неформальный сектор Многосекторный подход
- Kaliyev Marat_Опыт внедрения обязательного медицинского страхования в Кыргызской республике
- Sonin Sodov_Покрытие медицинским страхованием самозанятых кочевников
- Krzysztof Landa_Предоставление медицинских услуг в рамках единой национальной системы медицинского страхования
- Танирбергенов Серик Тарасович_О мерах по совершенствованию
- Кузембаев Нурбол Ирисматович_Введение сооплаты
Екінші күннің материалдары
- Peter Hill_Определение вопросов политической экономии
- Койков Виталий Викторович_Принятие решений в финансировании здравоохранения на основе фактических данных – опыт внедрения проекта ВОЗ EVIPNet в Казахстане
- Шарип Берик_Лекарственная политика
- Jiruth Sriratanaban_Стратегический закуп медицинских услуг в Таиланде с фокусом на оплату за результат
- Омельяновский_Текущие тенденции в развитии системы оплаты медицинских услуг в России от клинических рекомендаций до системы оплаты по КСГ (DRG)
- Темекова_Зарина_Расходы_на_здравоохранение
- Фуа Кай Хонг_Реформирование здравоохранения для всеобщего охвата населения услугами здравоохраненияосновы государственного и частного партнерства
- Karen Baxter_Предоставление медицинской информации Британский национальный формуляр
- Enver Kagan Atikeler_Регулирование цен на фармацевтическом рынке опыт Турции
- Рахметов Д. Е._Цифровизация здравоохранения в Казахстане
- Израиль Паргас_Сеть практикующих и политиков, преодолевающих разрыв между теорией и практикой
- Dorjsuren Bayarsaikhan_Азиатская региональная сетевая платформа для обмена знаниями, информацией и опытом
- Шарман доклад Astana Health Conference June 2018
ДСДРО-ның 2019 жылдарға негізгі оқиғаларының күнтізбесі
- Толығырақ
- Автор: Super User
ДСДРО-ның 2019 жылға негізгі оқиғаларының күнтізбесі
№ |
Іс-шараның атауы |
Күні |
Орын |
Мақсаты |
негізгі аудитория | ДСДРО-дан байланысушы тұлға |
Бюджет |
2019 жыл |
|||||||
Дөңгелек үстел |
2019 жылғы 27 наурыз |
Нұр-Сұлтан қаласы |
Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын (бұдан әрі – ҰДСШ) талдау нәтижелерін және Денсаулық сақтау экономикасы орталығы жариялаған "МӘМС енгізу кезінде мемлекет ауқымында шығыстарды тиімді жоспарлау үшін ҰДСШ деректерін пайдалану" policy brief талқылау | Қатысушылар: Ұйымдастырушылар /ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, "әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ, "Атамекен" ҰКП, "Қазақстандық медициналық зертханалар қауымдастығы" ЗТБ, "Қазақстандық жеке медициналық құрылымдарының қауымдастығы" ЗТБ | Денсаулық сақтау экономика орталығы, Темекова Зарина Мухтаровна, | Қатысу тегін. | |
"Денсаулық сақтау жүйесіндегі корпоративтік басқару" тақырыбы бойынша семинардар |
Мамыр- қазан |
Нұр-Сұлтан; Атырау; Өскемен; Қостанай; Ақтөбе; Талдықорған. |
Байқау кеңесі хатшыларының жұмысы | ҚР медициналық ұйымдарының бірінші басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары; облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары | Менеджмент орталығы, Сактағанова Гүлмира Советовна, Тел.: +7 7172 700 950 (1025) | Қатысу ақылы. | |
"Денсаулық сақтау жүйесінде менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту" тақырыбы бойынша семинардар |
Мамыр- қазан |
Шымкент; Тараз; Алматы; Атырау; Кокшетау; Өскемен; Қостанай; Ақтөбе; Талдықорған. |
ҚР медициналық ұйымдарында Менеджмент және корпоративтік басқару мәселелері бойынша білімді, іскерлікті, дағдыларды беру және меңгеру | ҚР медициналық ұйымдарының бірінші басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары; облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары | Менеджмент орталығы, Сактаганова Гульмира Советовна, Тел.: +7 7172 700 950 (1025) | Қатысу ақылы | |
"Медициналық ұйымдардың басшыларына арналған көшбасшылық" тақырыбы бойынша семинардар |
Маусым- қазан |
Атырау; Өскемен; Қостанай; Ақтөбе; Талдықорған. |
Денсаулық сақтаудағы көшбасшылық саласындағы халықаралық тәжірибені беру | ҚР медициналық ұйымдарының бірінші басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары; облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары | Менеджмент орталығы, Жумагулова К.М., Тел.: +7 7172 700 950 (1087) | Қатысу ақылы. | |
Семинар P4H |
10-14 маусым |
Нұр-Сұлтан қаласы |
UHC енгізу жобасы шеңберінде семинардың 2 Модулін өткізу | 30 адам және ұйымдастырушылар: жобаға қатысушы елдерден қатысушылар, ДСДРО және басқа да мүдделі тұлғалар | Кадесова Еркежан | Талап етілмейді | |
|
|
Маусым |
Нұр-Сұлтан қаласы, конференц-зал (жалға),50 адамға арналған. |
Қазақстанның тәжірибесін ДДҰ «EVIPNet» жобасына аудару (Денсаулық сақтау саласындағы дәлелдемелік желі) | Елдері қатысушылары: Денсаулық сақтау ұйымдары / менеджерлері, денсаулық сақтау баскармасының басшылары, қоғамдық денсаулық сақтау мамандары
|
Ғылым және адам ресурстарын дамыту орталығы, Койков Виталий Викторович,700950 ішкі. 1050 | Қатысу тегін. Демеушілерді іздеу. |
"Коучинг арқылы көшбасшылық және ықпал ету", "Медициналық ұйымдардың басшылары үшін көшбасшылық» |
Маусым |
Боровой шипажайы, «Rixos Borovoye» отелі |
Денсаулық сақтаудағы көшбасшылық саласындағы халықаралық тәжірибені беру | ҚР медициналық ұйымдарының бірінші басшылары, облыстық, Алматы және Шымкент қалалары денсаулық сақтау басқармалары басшыларының бірінші орынбасарлары | Менеджмент орталығы, К.М.Жумагулова, Тел.: +7 7172 700 950 (1087) | Қатысу ақылы | |
"HR-менеджмент. Кадрлық ресурстарды басқарудың заманауи технологиялары" |
Маусым- қазан |
Атырау; Өскемен; Қостанай; Ақтөбе; Талдықорған. |
HR-менеджмент саласында білім, білік, дағды беру және меңгеру | ҚР медициналық ұйымдарының бірінші басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары; облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары | Менеджмент орталығы,Мусина Галия Абаевна, Тел.: +7 7172 700 950 (1032) | Қатысу ақылы. | |
"Өзгерістерді және жанжалдарды басқару" семинардары | Маусым- қазан | Қарағанды, Алматы, Шымкент | Денсаулық сақтаудағы көшбасшылық саласындағы халықаралық тәжірибені беру | ҚР медициналық ұйымдарының бірінші басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары; облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары | Менеджмент орталығы, Жумагулова К.М., Тел.: +7 7172 700 950 (1087) | Қатысу ақылы. | |
"Коммуникативтік дағдылар" тақырыбы бойынша семинар | 11-12 шілде | Қарағанды | Денсаулық сақтаудағы көшбасшылық саласындағы халықаралық тәжірибені беру | ҚР медициналық ұйымдарының бірінші басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары; облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары | Менеджмент орталығы, Жумагулова К.М., Тел.: +7 7172 700 950 (1087) | Қатысу ақылы | |
Денсаулық сақтау жүйесінде менеджментті дамыту тақырыбы бойынша Семинар | 9 - 13 қыркүйек | Қостанай | ҚР медициналық ұйымдарында Менеджмент және корпоративтік басқару мәселелері бойынша білімді, іскерлікті, дағдыларды беру және меңгеру | ҚР медициналық ұйымдарының бірінші басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары; облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары | Менеджмент орталығы, Сактаганова Гульмира Советовна, Тел.: +7 7172 700 950 (1025) | Қатысу ақылы. | |
P4H Басқарушы кеңесінің кеңесі |
қыркүйек |
Нұр-Сұлтан қаласы ДСДРО базасында |
Өткізілген семинарлардың қорытындыларын талқылау және серіктестік ынтымақтастықты одан әрі дамыту | P4H басқарушы кеңесі, ДСДРО және денсаулық сақтау министрлігінің басқа да мүдделі ведомстволық бағынысты ұйымдары | Кадесова Еркежан | Талап етілмейді | |
"Зерттеулердің сапасы мен қоғамдық пайдасын арттыру үшін ғылымды, этиканы және реттеуіш механизмдерді интеграциялау" республикалық кеңесі |
Желтоқсан |
Нур-Султан қаласы, конференц-зал базасында (жалға алу), 25 адамға |
этикалық сараптаманы жетілдіру, ҚР-да биоэтика мен ғылыми зерттеулер этикасын дамыту, халықаралық ынтымақтастық, мультиорталықты зерттеулерді қарастыру кезінде биоэтика бойынша комиссиялардың өзара іс-қимылы мәселелерін талқылау |
Қатысушылар: биоэтика бойынша жергілікті комиссиялардың, реттеуші органдардың өкілдері, зерттеушілер |
Ғылым мен білімді дамыту орталығы, Койков Виталий Викторович, 700950 іш. 1050, Саусакова Сания Багланбаевна, 700950, іш.1099 |
Қатысу тегін. Демеушілерді іздеу. |
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖОБАЛАРЫ
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстан Республикасында балалар оториноларингологиясы қызметiн жетiлдiру бойынша ЖОЛ КАРТАСЫ
Конференция спикерлері
- Толығырақ
- Автор: Super User
- |
Конрад Оберманн, профессор, Мангейм қоғамдық денсаулық сақтау институты. Клиникалық жұмыс, зерттеулер, стратегиялық жоспарлау және кеңес беру аймағында 20-жылдық тәжірибесі бар дәрігер және экономист. Қазіргі таңда Германияның Гейдельберг қаласындағы Мангейм қоғамдық денсаулық сақтау университетінде қызмет атқарады. Оқытушылықтың кең халықаралық тәжірибесі, және де университеттік құрылымдар, аккредитация үрдісі мен денсаулық сақтау экономикасы, сонымен бірге түрлі жағдайларда және түрлі топтар үшін денсаулық сақтауды қаржыландыруға зейін қоя, ұлттық және халықаралық талаптарға сай инновациялық оқу бағдарламаларын даярлау туралы терең білімі бар дәрігер және экономист. 2005 жылдан бастап денсаулық сақтау экономикасының профессоры. Халықаралық денсаулық сақтау экономикасында, денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мен денсаулық сақтауды қаржыландыру, экономикалық бағалау мен денсаулық сақтауды қалыптандыру, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйелерінде интернет-эмпирикалық зерттеулер жүргізуде мамандандырылған. 10 жылдан аса еуропалық емес елдерде халықаралық ынтымақтастықта және 50-ден астам аяқталған тапсырмаларда тәжірибесі бар. Мәдениетаралық сезімталдылықтың жоғары дәрежесі, ағылшын тілін жетік меңгерген. Солтүстік Африка, Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия жобаларында да тәжірибесі жеткілікті. Кеңес берудің кең ұлттық және халықаралық тәжірибесі, денсаулық сақтау жүйесі, денсаулық сақтауды, әлеуметтік қорғанысты қаржыландыру және саясатты қолдану аймағында терең теоретикалық және тәжірибелі білімі бар. |
|
|
||
- |
Эдуардо Банзон, тұрақты даму және климаттың өзгеруі жөніндегі Департаменттің салалық кеңес беруші кластері бөлімінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бас маманы, Азия Даму Банкі. Дәрігер Эдуардо Банзон Азия даму банкінің денсаулық сақтау облысындағы бас маман болып табылады. Ол сонымен қатар Филиппин Университетінің медицина факультеті мен денсаулық сақтау институтының клиникалық доценті; бизнес Жоғары мектебі және Атенео-де-Манила Университеті Мемлекеттік басқару Жоғары мектебі мен Азия басқару институтының оқытушысы болды. Атенео-де-Манила Университетінде медицина ғылымдарының докторы дәрежесін және денсаулық сақтау саясаты, жоспарлау және қаржыландыру облысында Лондон экономика мектебі мен Лондон гигиена мен тропикалық медицина мектебінің магистрі дәрежесін алды.
|
|
|
||
- |
Жан-Оливье Шмидт, GIZ бағдарламасының директоры. Әлеуметтік саясат талдауы мен ғылыми психология бойынша магистр дәрежесіне ие. Бұрынырақта P4H Ғаламдық Желі секторы бағдарламасының басшысы, GmbH кеңес беру компаниясының GIZ салалық департаментінде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда Шмидт "Қырғызстанда Перинаталдық денсаулықты дамыту" бағдарламасының басшысы болып табылады. |
|
|
||
- |
Энвер Каган Атикелер, денсаулық сақтау экономикасы, фармацевтика және фармация магистрі Ол Турцияның денсаулық сақтау экономикасы мен саяси кеңес беру облысында (Анкара, Турция) фармацевтикалық өндірушілер Ассоциациясында (IEIS) қызмет атқарды. Қазіргі таңда Энвер Каган Turkish Medicines and Medical Devices Agency жұмыс атқарады және фармацевтикалық саясат пен реттеу жөніндегі ДДСҰ орталығымен қызмет атқаратын Утрехт Университетінің PhD дәрежесін алуда. Одан бөлек, ол Turkish Medicines and Medical Devices Agency мен Турция, Стамбулдағы медициналық ғылымдар Университеті арасындағы ғылыми серіктестік жобасына зейін қойған. |
|
|
||
- |
Виталий Владимирович Омельяновский, профессор, клиникалық фармаколог, Ресей Федерациясы денсаулық сақтау Министрлігінің «Медициналық көмек сараптамасы мен сапасын бағалау орталығы» бас директоры. 130-дан астам ғылыми мақаланың, үш монографияның авторы. Ресей Федерациясы денсаулық сақтау Министрлігінің «Медициналық көмек сараптамасы мен сапасын бағалау орталығы» бас директоры. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Денсаулық сақтау саласындағы технологияларды бағалау орталығының директоры. Ресейдің Қаржы министрлігінің Ғылыми-зерттеу Қаржы институтының Денсаулық сақтау саласы Қаржы орталығының директоры. Қаржы министрлігінің Қаржы институтының Денсаулық сақтау Қаржы орталығының директоры. «Денсаулық сақтаудағы технологияларды бағалау жөніндегі Ұлттық орталығы» Автономдық коммерциялық емес ұйымы басқармасының Төрағасы. Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Әлеуметтік саясат жөніндегі Федерация Кеңесі Комитетінің Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі Сараптамалық кеңесінің Төрағасы. Ресей Фармакоэкономикасы және нәтижелерін зерттеу жөніндегі Халықаралық қоғамның денсаулық сақтау технологиясын бағалау бөлімінің президенті (International Society for Pharmacoeconomics and Outcomes Research, ISPOR). «Медициналық технологиялар. Бағалау және таңдау» журналының бас редакторы. «Сапалы клиникалық тәжірибе» журналы, «Жұқпа және антибактериалды химиятерапия» журналы мен «Ұлттың денсаулығы» журналдары редакциялық алқасының мүшесі. |
|
|
||
- |
Бахмутова Елена Леонидовна, Қазақстан Республикасы саяси қайраткері. «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрайымы. Қазақстан Республикасының саяси қайраткері және бұрынғы қаржы және операциялық басқарушы директоры – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисті, бас экономисі, директордың орынбасары, бюджеттік бөлімнің директоры қызметтерін атқарды. 2008 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің Төрайымы болып жұмыс істеді. |
|
|
||
- |
Қалиев Марат Темірбекұлы, Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы міндетті медициналық сақтандыру Қорының директоры, медицина ғылымдарының Кандидаты, доцент, 50-ден астам ғылыми жұмыстардың, 8 монографияның авторы Денсаулық сақтау жүйесінде медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру және реформалау саласында жұмыс істеді. Ассистенттен кафедра доцентіне дейін өткен уақытта Медициналық академияның клиникалық бөлімінде жұмыс істеп бастады. Кейінірек ол Бішкектегі Медицина академиясының шетел азаматтарына арналған медицина факультетінің деканы болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы міндетті медициналық сақтандыру Қоры директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды, содан кейін директор лауазымына атқарды. |
|
|
||
- |
Триин Хабичт, экономики магистрі, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жөніндегі кеңесші. Трин Хабичт Эстония медициналық сақтандыру қорының денсаулық сақтау бөлімінің бастығы болып табылады. Оның жұмысы негізінен медициналық қызметтерді көрсету үшін түрлі өтемақы схемаларын әзірлеуге, денсаулық сақтаудың жаңа технологияларын бағалау мен медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Бұрын ол әлеуметтік істер Министрлігінде денсаулық сақтау саласы саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарды. |
|
|
||
- |
Питер Хилл, Квинсленда Университетінің қосалқы профессоры. |
|
|
||
- |
Сонин Содов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыруды нығайту» жобасының директоры, отбасылық медицина жөніндегі Монғол мамандар ассоциациясының Президенті. 1981 жылы магистр дәрежесін, ал 1990 жылы Моңғолияның Улан-Батор медициналық институтында PhD докторы дәрежесін алды; Моңғолия үкіметінің әкімшіліктің даму және басқару Институтының дипломы; Ұлыбританияның Бирмингем университеті басқару Орталығының денсаулық сақтау қызметінен аспирант дипломы; Моңғолия денсаулығы туралы ғылымдар Университетінің медицина профессоры. Профессор Сонин Содов - Моңғолияның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі; Моңғолия отбасылық медицина жөніндегі мамандар ассоциациясының Президенті; Денсаулық сақтау министрлігінің Бастапқы медициналық-санитарлық көмегі жөніндегі Кəсіби кіші Комитетінің Төрағасы; «Монғолияның әлеуметтік медициналық сақтандыруын нығайту» АДБ ТР жобасының директоры. |
|
|
||
- |
Криштоф Ланда, PhD, Dentons Business EMEA халықаралық компаниясының стратегиялық медициналық технологиялар мәселелері жөніндегі кеңесші. Доктор Кришстоф Ланда, Meritum L.A. Президенті, Польша Республикасының денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары, Dentons Business EMEA стратегиялық медициналық технологиялар мәселелері жөніндегі кеңесші, Watch Health Care қорының негізін қалаушысы. MedInvest Scanner Ltd бас директоры. HTA Audit компаниясының бас серіктесі, бұл Польшадағы билік пен мемлекеттік мекемелерге бағытталатын денсаулық сақтау технологияларын бағалау туралы есептерді талдайтын компания болып табылады; денсаулық сақтау жүйесі жөніндегі БКС сарапшысы. 2010-2011 жылдар аралығында денсаулық сақтаудағы технологияларды бағалау бойынша Шығыс Еуропа қоғамының президенті болды. 2006-2007 жылдары Доктор Ланда Ұлттық денсаулық сақтау қорының Орталық кеңсесінде есірткімен күрес жөніндегі Департаментінің директоры болды. 2004 жылы Криштоф Ланда денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі Халықаралық ұйымның директорлар Кеңесіне сайланды. Доктор Ланда Медицина мектебінің түлегі болып табылады, ал жоғары білімін Краков қаласының Ягеллон университетінің дипломнан кейінгі қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде алды. |
|
|
||
- |
Равиндра Раннан-Элья, Денсаулық сақтау жүйелерін күшейтудегі әлеуетті нығайту бойынша Азия желісінің атқарушы директоры және Денсаулық сақтау саясаты институтының ғылыми қызметкері. Равиндра Раннан-Элья Шри-Ланка денсаулық сақтаусаясаты институтының атқарушы директоры болып табылады. Кембридж және Гарвард университтерінде дәреже алған дәрігер, денсаулық сақтау жөніндегі маман және экономист. Оның зерттеу жұмыстары денсаулық сақтау жүйелерін қаржыландыру, қартаюы, жұқпалы емес аурулар және балалардың жеткіліксіз тамақтануы секілді мәселелерге бағытталған. Ол үкіметтермен және Дүниежүзілік банк, АДБ және ДДСҰ сияқты халықаралық мекемелермен жұмыс істей отырып, барлық аймақтардағы елдерде зерттеулер және кеңес берулер жүргізді. |
|
|
||
- |
Шиаохуа Инг, PhD, профессор, денсаулық сақтау Мектебінің денсаулық сақтау экономикасы Департаменті Төрағасының орынбасары, Фудань Университеті, Шанхай. Доктор Шиаохуа Инг, философия докторы, профессор, денсаулық сақтау Мектебінің денсаулық сақтау экономикасы Департаменті Төрағасының орынбасары, Фудань Университеті, Шанхай, Қытай. Шиаохуа Инг денсаулық сақтау экономикасы және саясатының профессоры болып табылады. Оның зерттеулерінің бағыттары ретінде денсаулық сақтауды қаржыландыру және оның әділеттілігі; қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу және бағалау; денсаулық сақтау жүйесіндегі араласулардың әсерін бағалау және экономикалық тиімді медициналық араласуды белгілеу танылады. Ол Қытайдағы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудағы біркелкілік, араласулар және бағалау жөніндегі бірқатар жобаларды басқарады. |
|
|
||
- |
Бюрабекова Людмила Витальевна, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі фармация Комитетінің Төрайымы. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы Қазақ фармацевтикалық институтын «Фармация» мамандығы бойынша бітірді, ал 2014 жылы Халықаралық Бизнес Академиясын «Менеджмент» (МВА) мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек қызметі 2004 жылы Қарағанды қаласында Х.Ж.Мақажанов атындағы Көпсалалы клиникалық ауруханасында клиникалық фармаколог ретінде басталды. Одан басқа, ол Астана қаласындағы Ұлттық медициналық холдингісінде медициналық көмекті ұйымдастыру Департаментінің директоры (2012-2013 жж.); Астана қаласы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық авиация Республикалық орталығының оқу-клиникалық бөлімінің меңгерушісі (2013-2014 жж.); Астана қаласында Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының Вице-президенті (2014 ж.); Қазақстан Республикасы Президент Істері Басқармасының бас инспекторы (2014-2015 жж.); Қазақстан Республикасы Президент Істері Басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары (2015-07.2017 жж.) лауазымдарын атқарды. Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің Төрайымы лауазымын иеленуде. |
|
|
||
- |
Койков Виталий Викторович, м.ғ.д., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы» ШЖҚ РММ білім мен ғылым дамыту Орталығының басшысы. Білімі және біліктілігі: жоғары медициналық. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын бітірді. Медицина ғылымдарының докторы. Сертификаттары: - медициналық білім беруді, ғылыми және инновациялық қызметті басқаруды, денсаулық сақтау мен қоғамды денсаулық сақтауды басқару, оның ішінде Израиль, Малайзия, АҚШ, Қытай, Түркия, Словения, Литва, Молдова, Германия мемлекеттерінде басқаруды ұйымдастырудың түрлі аспектілері бойынша тәжірибе алып және біліктілігін арттырды; - 2014 жылдан EVIPNet ғаламдық жүйесіне Қазақстанды енгізу бойынша ДДСҰ Еуропалық бюросы пилоттық жобасының мемлекеттік координаторы (National Champion). ДДСҰ сертификатталған тренері. - «Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы» ШЖҚ РММ жанындағы «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының Төрағасы. |
|
|
||
- |
Элиас Моссиалос, Лондон экономика мектебінің Денсаулық сақтау саясаты департаментінің Төрағасы, денсаулық сақтау саясаты облысындағы профессор.Элиас Моссиалос - Брайан Абель-Смитте Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің денсаулық сақтау саясаты Департаментінің профессоры де, LSE Health компаниясының негізін қалаушы және директоры. Ол сондай-ақ денсаулық сақтау жүйелері мен саясаты бойынша Еуропалық обсерваторияның тең төрағасы болып табылады. Ол, ДДСҰ-ны қоса алғанда, Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия, Дүниежүзілік банк, Бельгияда денсаулық сақтау және әлеуметтік істер Министрлігі, Бразилия, Кипр, Грекия, Ресей Федерациясы, Словения, Оңтүстік Африка және Швеция секілді бірнеше мекеменің, және Австрия, Хорватия және Венгриядағы медициналық сақтандыру қорларының кеңесшісі болып жұмыс атқарды. Еуропаның дәрілік заттарды бағалау жөніндегі Еуропалық агенттігі басқармасының мүшесі болды, Еуропадағы денсаулық сақтау саясаты мен басқару саласындағы үздік басылым үшін Еуропалық денсаулық сақтау басқармасының жыл сайынғы Еуропалық ассоциация премиясын алды. Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау мектептері Ассоциациясының Андрий Стампар медалімен марапатталды. Доктор Элиас Моссиалос - Лондон және Эдинбург қалаларындағы қоғамдық денсаулық сақтау факультеті мен дәрігерлер Қорольдік колледжінің ғылыми қызметкері және Оңтүстік-Шығыс Лондонның қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша құрметті кеңесшісі болып табылады. |
|
|
||
- |
Джирут Шриратанабан, Тайланд денсаулық сақтау жүйелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры. Джирут Шриратанабан доцент, профилактикалық және әлеуметтік медицина Департаментінің Чулалонгкорн Университетінің директоры болып табылады. Оның зерттеу нысаны ретінде 2-ші типті қант диабеті бар науқастар үшін құралды дамыту; лаос емделушілерінің медициналық қызметтерді пайдалануға арналған шешімдеріне әсер ететін факторлар; Таиландтағы қант диабетімен ауыратын науқастардың жыл сайынғы микроальбуминурия скринингісінің экономикалық тиімділігі; Тайландтағы А гепатитіне қарсы вакцинацияны экономикалық үнемді талдау және т.б. болып табылады. |
|
|
||
- |
Фуа Кай Хонг, PhD, Назарбаев университетіне шақырылған профессор. Фуа Кай Хонг Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат Мектебінің профессоры болып танылады, онда жаһандық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау экономикасы және қаржыландыру, халықтың қартаюы және әлеуметтік саясат бойынша дәрістер жүргізеді. Бұған дейін ол кеңесші профессор және денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, сондай-ақ қоғамдық, кәсіби және отбасылық медицина Департаментінде денсаулық сақтау қызметтерін зерттеу бөлімінің басшысы және Сингапурдағы саяси зерттеулер Институтының аға ғылыми қызметкері болды. Ол Гарвард университетін үздік бітіріп, Гарвард денсаулық сақтау мектебінің және Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің магистр дипломын алды. Сингапурдың денсаулық сақтау Министрлігінде және АҚШ-тың Нью-Йорктегі Мемлекеттік денсаулық сақтау департаментіндегі Денсаулық сақтау жүйелерінің Басқармасында қызмет атқарды. |
|
|
||
- |
Карен Бакстер, Ұлыбританияның Корольдік Фармацевтикалық Қауымдастығы. Карен Бакстер Pharmaceutical Press арналған контент стратегиясы бойынша директоры болып табылады. 1996 жылы жақында тіркелген фармацевт ретінде Бакстер өзінің мансабын Англиядағы ауруханада фармацевт ретінде бастады. 2000 жылы Бакстер Дерби Университеті мен NHS Trust Оңтүстік Дербишир аралдық ауруханалары арасында ортақ ұстаным – білім және ғылым саласындағы аға фармацевт болды. 2011 жылы Бакстер BNF директоры болды. Оның жақындағы жеткен жетістіктерінің бірі - кітап форматындағы аударылатын контенттен қосымшаларда қолжетімді болатын контентке дейін аудармаға арналған BNF қосымшасының соңғы шығарылымы болып есептеледі. |
|
|
||
- |
Доржсурэн Баярсайхан, ДДСҰ басқару және қаржыландыру жөніндегі денсаулық сақтау жүйесі Департаментінің денсаулық сақтау жүйелері төлемдері (P4H) бойынша денсаулық сақтау жүйесі Координациялық орталығының аға кеңесшісі үйлестіру орталығының аға медициналық консультанты. Доктор Доржсурэн Баярсайхан Женевада ДДСҰ штаб-пәтерінде денсаулық сақтау жүйесі Департаментінің басқару және қаржыландыру үшін денсаулық сақтау облысында (P4H) серіктестік, үйлестіру және қызмет көрсету төңірегінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйелері жөніндегі аға кеңесші болып табылады. Бұрын сол бөлімде денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру саясатын жүргізетін медициналық экономист болып жұмыс істеді. 2012 жылға дейін ол ДДСҰ-ның Филиппиндегі Тынық мұхитының батыс аймағының Аймақтық бюросында денсаулық сақтауды қаржыландыру бойынша топ жетекшісі және аймақтық кеңесші болып қызмет атқарды. ДДСҰ-ға келгенге дейін, ол Моңғолия Үкіметінің әртүрлі басшылық қызметтерінде, оның ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Мемлекеттік комитетте, жоспарлау және экономикалық даму жөніндегі Мемлекеттік комитетте және Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеді. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары бола тұра, ол денсаулық сақтау қаржыландыру, бюджеттік жоспарлау, инвестициялар, Samsung корпорациясымен бірлесе бір реттік шприцтер мен инелер өндіру бойынша бірлескен кәсіпорнын құруды қоса алғанда, Моңғолиядағы міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жұмыстарды басқарған. |
|
|
||
- |
Абишев Олжас Амангелдиевич, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің вице - министрі. 1983 жылы 14 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, ақпараттық және коммуникациялық инженерия саласындағы доктор (PhD), Қазақстан Республикасындағы инновациялар жөніндегі Президенттік клубтың мүшесі. Қызылорда мемлекеттік университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, магистратура және докторантураны Андонг Ұлттық Университетінде (Оңтүстік Корея) «Ақпараттық және коммуникациялық инженерия» мамандығы бойынша бітірді. Ақпараттық және компьютерлік коммуникация бойынша бірнеше ғылыми мақалалары бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Электрондық денсаулық сақтаудың Республикалық орталығы» ШЖҚ РММ бас директоры лауазымын атқарды. 2018 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды. |