
2024 жылдың 12 айында ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы денсаулық сақтау саласындағы 56 медициналық ұйымды аккредиттеді. 56 медициналық ұйымның (бұдан әрі-МҰ) ішінен 9-ы жеке, қалған 47-ы мемлекеттік ұйымдар болып табылады. Оларды санаттарға жіктесек, жоғары - 13 МҰ (23,2%), I-ші – 39 МҰ (69,7%), II-ші – 4 МҰ (7,1%) берілді.

Жалпы біздің орталық ҚР денсаулық сақтау саласындағы жетекші ұйымдардың бірі болып табылады. Орталық өз жұмысы барысында мемлекеттік бағдарламаларды, жол карталарын, салалық жобаларды және түрлі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және әдіснамалық іске асыруға қатыса отырып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға орасан зор үлес қосуда.

Сонымен қатар, бүгінгі күні уәкілетті органның шешіміне сәйкес біздің Орталық аккредиттеуші орган болып табылатынын атап өткен жөн.

Ал, аккредиттеу процесін біздің орталықтың медицина саласында үлкен тәжірибесі мен білімі бар сарапшылары жүргізеді. Осылайша, біз медициналық ұйым ұсынатын қызметтердің сапасы объективті және тәуелсіз бағалау жүргізілетіндігіне кепілдік береміз.

Өз кезегінде аккредиттеу сіздің медициналық ұйымыңыздағы қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, науқастармен өзара әрекеттесуді жақсартуға және халықтың сенімін арттыруға көмектеседі.

Осы тұста айта кету керек, елімізде сыртқы кешенді бағалау «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығымен бекітілген аккредиттеудің белгіленген қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіздің медициналық ұйым аккредиттеуден өтуге ниетті болса, аккредиттеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 570-951 (ішкі 1000, 1143, 1064) нөмірлері арқылы Орталықтың аккредиттеу департаментіне хабарласуыңызға болады.

Акрредитеуден өткізуші ұйымның жұмыс регламентін айта кетсек, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Түскі үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Біз Сіздің жұмысыңыздың сапасын арттыруға және денсаулық сақтау саласында жаңа биіктерге жетуге көмектесуге дайынбыз.