Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері келесілер болып табылады:

1) бюджет қаражаты;

1-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері;

2) ерікті медициналық сақтандыру қаражаты;

3) ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат;

3-1) жеке және заңды тұлғалардан ерікті қайырмалдықтар ретінде түскен қаражат;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер болып табылады.

Денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қаражаттары:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтауға;

2) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;

3) дәрілік заттарды, орфандық (сирек кездесетін) дәрілік препараттарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды және басқа да иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды), сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алуға;

4) инфекциялық аурулардың көріністері мен эпидемияларын жоюға;

5) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға;

6) медицина ғылымының жетістіктерін дамытуға және енгізуге;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Денсаулық сақтау экономикасы орталығы (бұдан әрі - Орталық) қызмет ету мақсаты медициналық қызмет үшін ақы төлеу тетіктерін жетілдіру, макроэкономикалық зерттеулер жүргізу және денсаулық сақтау саласындағы нәтижелерді енгізу жолымен денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды жетілдіру болып табылады.

Төменде соңғы екі жылда Орталықтың денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды жетілдіру бойынша жүргізген бірқатар жұмыстары көрсетілген:

  • МӘМС енгізу дайындығы бойынша іс-шаралар өткізу және сәйкесінше есептеулер жүргізу;
  • Ғаламдық бюджет бойынша ауылдың денсаулық сақтау саласы мен онкологиялық қызметіне ақы төлеудің әдістері мен тетіктерін әзірлеу;
  • 2011-2015 жж. аралығында медициналық көмек нысандарына қатысты ТМККК қаржыландырылуын талдау;
  • МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді бірігіп төлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Медицина қызметкерлерінің жалақысын бағдарламалық түрде көтеру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
  • Денсаулық сақтау саласындағы қор жинау тетіктерін әзірлеу және жетілдіру;
  • Жобаның экономикалық тиімділігін бағалау бойынша «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасын іске асыруды әдістемелік сүйемелдеу;
  • «Халықты түгелдей медициналық қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтауды қаржыландыру реформалары»  P4H (Providing for Health) ғаламдық желісі шеңберінде әріптестік ынтымақтастық  бойынша Шетелдік конференция (Дөңгелек үстел)  ұйымдастыру және өткізу;
  • Қазақстан Республикасында медициналық инфляция деңгейін бағалау және бағалау жүргізу әдістерін әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасында  денсаулық сақтау қызметтері үшін сатып алу қабілеттілігінің паритеттін бағалау;
  • 850 MO-дағы (17 аймақ), медициналық көмек нысандары (медициналық көмектің 9 түрі), меншік нысандары (МҚКК, ШЖҚ МҚК, ММ) бойынша 2016, 2017, 2018 жылдың 6 айындағы медицина қызметкерлерінің нақты жалақыларын талдау;
  • Медициналық персоналдың жалақысын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының 16 денсаулық сақтау ұйымында жедел басқаруды жетілдіру бойынша пилоттық жобаны жүргізу (нақты шығындарды есепке алу, шығындарды оңтайландыру және жоспарлау, жалақы төлеу қорын есепке алғанда бюджетті жоспарлау, бюджеттің орындалуын және түзетулер енгізілуін бақылау);
  • Жалпы қосылған құны бар денсаулық сақтауды нақты өсу индикаторын модельдеу және оған мониторинг жүргізу;
  • Медициналық ұйымдарда ақылы қызметтерді талдау және оларды реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар беру;
  • Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын жыл сайын қалыптастыру және жетілдіру, ЭЫДҰ ұсыныстарын іске асыру.

Жаңалықтар

Полезное (kz)