ҰҒДСДО 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЖИНАҚТЫ ДАЙЫНДАДЫ

 

 

Осы жинақта 2022-2023 жылдарда Қазақстан халқы денсаулығының көрсеткіштері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы статистикалық материалдар жарияланған.

Жинаққа қол жеткен жетістіктер деңгейін, облыстардың, Алматы, Астана мен Шымкент қалалары арасында, кейбір көрсеткіштер бойынша басқа мемлекеттермен де салыстыру және талдау үшін көрсеткіштері берілген.

Осы жинақ негізгі жұмыс көрсеткіштері сандар арқылы сипатталған.

Статистикалық жинақ 20 бөлімнен тұрады. Бөлімдерде берілген көрсеткіштер мемлекеттік, жекеменшік және ведомстволық болып бөлінеді. Сонымен қатар, жинақта қалалық және ауылдық денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер кеңінен сипатталады.

Ұсынылып отырған жинақ денсаулық сақтау қызметін ұйымдастырушыларға денсаулық сақтау саласындағы саясатпен айналысатын және шешімдер қабылдап жүрген адамдарға, сондай-ақ медициналық қызметтің лицензиарларына арналған.

Жинақпен танысып, жүктеу үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://nrchd.kz/index.php/ru/?option=com_content&view=article&id=973