Осы құжаттың мақсаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі ағзаларының, ұйымдары мен құрылымдарының өткен 10 жылдағы қызметінің қорытындыларын шығару, жүргізілген реформалардың негізділігі мен нәтижелілігін талдау, халықаралық тәжірибені зерделеу, денсаулық пен денсаулық сақтау жүйесін бағалаудың әлемдік рейтингтеріндегі республиканың денсаулық сақтау орнын айқындау және жүйені одан әрі жетілдіру жолдарын белгілеу болып табылады.
Баяндамада келтірілген барлық деректер денсаулық сақтау субъектілерінің статистикалық есептерінен, республиканың мемлекеттік органдарының және халықаралық ұйымдардың ресми деректерінен және тәуелсіз көздерден алынған. Баяндаманы дайындауға өңірлік және республикалық маңызы бар мемлекеттік және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарына, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларға, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты қызметкерлеріне ерекше үлес қосқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Денсаулық сақтау жөніндегі Баяндаманы жариялаудың алғашқы тәжірибесі денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, басқа ведомстволар басшыларының арасында резонанс тудырады және жыл сайын денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баянда- ма түрінде жыл қорытындысын шығару дәстүрге айналады деп үміттенеміз.
Әр түрлі, кейде өте күмәнді көздерден алынған ақпараттың жаһандық ағыны дәуірінде қол жетімді, ресми және ең бастысы сенімді ақпараттың болуы денсаулық сақтау мәселелеріне қызығушылық танытқандар үшін пайдалы болатынына сенімдіміз.
Ұлттық баяндаманы мына сілтеме бойынша өтіп (баяндама), жүктеп алуыңызға болады.