Практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамалардың (бұдан әрі-КХ) енгізілуін мониторингтеу үшін ҰҒДСДО қызметкерлері арасында өңірлерге бару үшін сарапшылардан құралған арнайы топтары жасақталған болатын.
ҰҒДСДО сарапшылары осы аптада Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарынаА (бұдан әрі-ШҚО) жұмыс сапарымен барды.
Бірінші топтың ШҚО-ға жұмыс сапары барысында сарапшылар ШҚО облыстық мамандандырылған медициналық орталығына, Өскемен қаласының №2 қалалық емханасына, Катонқарағай аудандық ауруханасына және Катонқарағай ауданы Солоновка ауылының дәрігерлік амбулаториясына барып, жұмысымен танысты.
Сарапшылардың екінші тобы Ақтөбе облыстық медициналық орталықта, №3 қалалық емханада және Мұғалжар аудандық ауруханасында болды.
Мониторинг шеңберінде сарапшылар медициналық ұйымдардың басшылары мен медицина қызметкерлеріне сауалнама жүргізеді, медициналық карталарды талдайды және кері байланыс орнату және медициналық ұйымдарда КХ-ны енгізу бойынша кедергілерді анықтау үшін «сұрақ-жауап» форматымен жұмыс кеңестерін өткізуде.
Жүргізіліп жатырған мониторингтің басты міндеті КХ-да белгіленген ұсынымдардың сақталу дәрежесін бағалау, КХ-ны одан әрі жетілдіру және оларды облыс, қала, аудан және ауыл деңгейлерінде медициналық ұйымдарда енгізу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында практикалық денсаулық сақтауға КХ-ны енгізу негізінде медициналық көмек көрсету сапасының өзгерістерін айқындау болып табылатынын атап өткен жөн.
Келесі аптада ҰҒДСДО сарапшылары Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының медициналық ұйымдарына барады.
Айта кету керек, КХ-ны енгізу мониторингі ағымдағы жылдың тамыз айында Астана қаласынан басталды.