Осы жылдың 12-23 маусымы аралығында өңірлерден, сондай-ақ Алматы және Қарағанды қалаларынан 45 дәрігер Астанада клиникалық зерттеулер бойынша семинар (GCP) шеңберінде оқудан өтті.

Семинарды ҚР ДСМ "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" жанындағы Клиникалық зерттеулерді дамыту орталығы ұйымдастырды.

Аталған семинардың мақсаты-зерттеуші-дәрігердің мамандануын кеңейте отырып, Қазақстанда клиникалық зерттеулерді одан әрі дамыту.

Семинар аясында тыңдаушылар халықаралық стандарттарға (GCP) және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау принциптері мен әдістерінің базалық білімдері мен дағдыларымен танысты.

Айта кетейік, "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК ғылыми-негізделген талдау, озық инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, денсаулық сақтау саласының жұмыс істеуі мен халық денсаулығының жай-күйіне мониторинг жүйесін қамтамасыз ету, салалық ақпараттық жүйені дамыту және елдегі менеджмент институтын күшейту бойынша Қазақстандағы жетекші ұйым болып табылады.

Орталық өз жұмысы барысында мемлекеттік бағдарламаларды, жол карталарын, салалық жобаларды және түрлі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және әдіснамалық тұрғыдан іске асыруға қатыса отырып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

Орталық сондай-ақ Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның жұмыс органы, Формулярлық комиссияның жұмыс органы болып табылады, олардың жұмысын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып табылады.

 

Олар Қазақстанның медициналық білім беру және ғылым ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқудан өтті. Отырыс денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып табылатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының базасында өткізілді.
Республикалық комиссияның жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, облыстар мен қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, аккредиттелген ҮЕҰ, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, сондай-ақ жастар (студенттік) ұйымының өкілдері қатысты.
Бұл ретте түлектердің жалпы саны 9 000 - ға жуық адамды құрайды, олардың ішінде медициналық кадрларға сұраныстар мен өңірлік қажеттіліктерді ескере отырып - 4 353 жас маман (бакалавриат – 158, интернатура – 2 566, резидентура - 1 216, магистратура - 241, докторантура-172) бөлуге жатады.
Айта кетейік, ҚР қолданыстағы заңнамасы бойынша («Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 17-2-тармағы), өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын грант бойынша бітірушілердің 20% - ы (жүктілігі, 3 жасқа дейінгі бала күтімі және мүгедектігі себебінен міндетті түрде жұмыс істеуден босату) пайдаланды.
Осылайша, комиссияның атқарған жұмысының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымына 3 281 түлек, оның ішінде қалаларда – 2 382, ауылдық жерлерде - 899 түлек жұмысқа алдын ала орналасу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері медициналық білім беру және ғылым ұйымдарына түлектерді жұмысқа орналастыру кезінде, оның ішінде әрбір ұйымға бекітіліп берілген өңірлерде біркелкі бөлуді ұсынды. Сондай-ақ, «Назарбаев Университет» ДББҰ және «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жіберілген 2023 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыруды ерекше бақылауға алуы тиіс.
Бұдан басқа, республикалық комиссияның жұмыс органы атынан С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мүгедек балалардың қамқоршысы болып табылатын адамдарды жұмысын өтеу жөніндегі міндеттен босату өлшемшарттарын кеңейту бөлігінде НҚА-ға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайды.


Жалпы, өңірлендіруді және тұрғылықты жерін ескере отырып, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жыл сайын, тұрақты негізде республиканың ЖОО, ҒЗИ және ҰО жұмысқа орналастыру жөніндегі бөлімдер (карьер-орталықтар) жүргізеді. Әрі қарай С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан республикалық деңгейде қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларымен және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен жинақтауды, өзара іс-қимылды, сондай-ақ жас мамандарды жұмысқа алдын ала бөлуді жүзеге асырады. Бұл ретте www.enbek.kz. электрондық еңбек биржасының мүмкіндіктері де пайдаланылады.
Денсаулық сақтаудың кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші атынан С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру сапасын арттыруға, медицина қызметкерлеріне сұранысты және даярлау жүйесін үндестіруге ықпал етеді. Бұл жұмыс өңірлер мен көмек көрсету деңгейлері бөлінісінде кадрлар теңгерімсіздігін төмендетуге, сондай-ақ елдің денсаулық сақтау кадр ресурстарын тиімдірек басқаруға ықпал етеді.

Күн сайын сіздер азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолында алдыңғы қатардасыздар!
Кейде бұл күресте басқаларды құтқару үшін өз өмірлеріңізді қатерге тігулеріңіз керек.
Сіздердің еңбектеріңіз біз үшін, бүкіл ел үшін өте маңызды! Осы мереке күні сіздерге жақсылық пен мейірімділіктің жоғары мұраттарын ұстанғаныңыз, жанқиярлық жұмысыңыз, Гиппократ антына адалдығыңыз үшін және пациенттеріңізге ең жақсы күтім ұсынғандарыңыз үшін ризашылығымызды және алғысымызды білдіреміз.
Адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертіп, әлемді сау және қауіпсіз етуге үлес қосқаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Сізге және сіздің жақындарыңызға шын жүректен зор денсаулық, амандық, бақыт тілеймін!
Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер!

Құрметпен,
Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО Басқарма төрайымы
Құлқаева Гүлнара Өтепбергенқызы

 
Басқарма төрайымы өз сөзінде орталықтың еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудағы, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды, денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, сондай-ақ еліміздің медициналық ұйымдарына әдіснамалық көмек көрсету саласындағы үлкен рөлін атап өтті.
Гүлнара Құлқаева өз әріптестеріне республиканың денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор еңбегі мен зор үлесі үшін алғысын білдіріп, орталық қызметкерлеріне марапаттар мен алғыс хаттар табыс етті.
Осылайша, "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен медициналық білім беру және денсаулық сақтау менеджментін дамыту басқармасының бастығы Отарғалиева Динара Жұмағазиқызы, "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен - Заң жұмысы, HR және іс жүргізу басқармасының бастығы Әбдікәрімова Құндыз Тілеубекқызы
марапатталды.
 
 
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталарымен Ұлттық жобаны және стратегиялық бастамаларды сүйемелдеу кеңсесінің бас маманы Кулиев Рамиз Сахават-оглы, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың формулярлық жүйесін және кәсіби сараптамасын дамыту басқармасының бастығы Дастан Шаттық Мұхтарқызы марапатталды.
Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің алғыс хаттарын Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу департаментінің директоры Мәсімов Ақрамжан Бакримжанұлы, Денсаулық сақтау технологияларын бағалау және клиникалық хаттамаларды сараптамалық бағалау басқармасының бас маманы Ташпағамбетова Нүргүл Айнадиқызы алды.
Сонымен қатар, орталықтың тағы 3 қызметкерінің кәсіби үлесі ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі В.Ю. Дудниктің алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік іс-шара соңында "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрайымы Гүлнара Құлқаева барлық қызметкерлерге өз жұмыстарына табыс, зор денсаулық және амандық тіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу үшін сараптамалық ұйым ретінде айқындалған. Орталық сонымен қатар Қосымша білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесін жүргізуге жауапты.

Денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім берудің -білім беру бағдарламаларының (ҚБ ББ) каталог ақпараттық жүйесі -бұл барлық ҚБ ББ есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыруға және өзектендіруге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа.

Бұл Каталог есепке алу-ақпараттық функцияны орындайды, ҚБ ББ дерекқорын енгізуді, сақтауды, іздеуді, жүргізуді автоматтандыруға, денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары іске асыратын ҚБ ББ туралы мүдделі тараптарды хабардар етуге мүмкіндік береді.

 Каталогқа кіру жалпыға бірдей және шектеусіз тегін негізде жүзеге асырылады.

 Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары қажетті мәліметтерді Каталогқа енгізу және жариялау үшін өздері әзірлеген қосымша білім беру бағдарламасын қоса бере отырып, Каталогтың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте өтінім береді.

 ҰҒДСДО Ережелеріне сәйкес Каталог әкімшісінің функцияларын орындайтын Сараптама ұйымы Каталогтың ақпараттық жүйесінде Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымының жеке кабинетін құрады.

 Каталогқа сараптама жасау және бағдарламаларды сертификаттау курстарын енгізу және біліктілікті арттыру үшін өтінімдер беру рәсіміне қатысты мәселелер бойынша ҰҒДСДО Білім және ғылымды дамыту департаментіне келесі телефондар арқылы жүгіну қажет:

 Жұмыс тел.: +7 (7172)700950 (ішкі.1109), ұялы тел.: +7 (707)189-46-80

Есдәулет Самат Азаматұлы,

электрондық мекен-жайы:

ddmes.rcrz@mail.ru.