С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығы мен Pfizer ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

       

        Астанада ағымдағы жылдың 14 тамызында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі-ҰҒДСДО) және ҚР - дағы «Pfizer Export B. V.» (бұдан әрі- Pfizer) компания өкілдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

        Аталған меморандумның негізгі мақсаты - ҰҒДСДО мен Pfizer арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнату арқылы еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған.

        Сонымен қатар, келісім аясында екі ұйым елдегі бірқатар бірлескен іс-шараларда, оның ішінде әртүрлі жобаларға инвестициялар тартуда, медициналық және зертханалық ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, нақты клиникалық практика деректерін бағалау үшін ғылыми жобаларды жүргізу бойынша бірлесуге, инвестициялық жобаларды әзірлеуде және оларды іске асыру үшін жағдайлар жасауда өзара іс-қимыл жасауға уағдаластық жасалды.

        Кездесу барысында тараптар, осы құжаттың қол қойылуы елдің денсаулық сақтау саласын халықаралық деңгейде дамыту жөніндегі миссияны бірлесіп іске асыруға серпін беретінін атап өтті.

       

        Анықтама:

       «Pfizer» биофармацевтикалық компаниясы денсаулық сақтау саласындағы жобаларды әзірлеумен айналысатын әлемдегі ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі болып табылады.

       Компания 170 жылдан астам уақыт бойы адамдардың игілігі үшін жұмыс істеуде. Біздің елімізбен Pfizer 1995 жылдан бастап инновациялық терапиядағы және аурудың алдын алудағы алдыңғы қатарлы шешімдердің көмегімен қоғамдық денсаулықты нығайту үшін үздіксіз ынтымақтасуда.