Құрметті Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері, қымбатты достар, әріптестер! Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!
Медицина - бізден ерекше қасиеттерді: шексіз жауапкершілікті, жоғары құзыреттілікті, егжей-тегжейлі және жалпы адамға назар аударуды талап ететін міндет. Өйткені, біздің жұмысымызға жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның өмірі мен денсаулығы байланысты.
COVID-19 коронавирусының аяусыз пандемиясымен күресте тұрған әріптестерімізді ерекше атап өткіміз келеді. Сіздің жоғары кәсібилігіңіз, сезімтал жүрек пен алтын қолдарыңыз әрдайым пациенттердің құрметі мен сүйіспеншілігіне ие болсын!
Біз, ДСДРО барлық дәрігерлерге денсаулық, рух сергектігін, жаңа жетістіктер, материалдық және отбасылық амандық тілейміз.