Денсаулық сақтау дамыту республикалық орталығы 2019 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, ҰО рейтингтік бағасының қорытындысын және соңғы үш жылдағы рейтингтік көрсеткіштердің серпінін бағалауды шығарды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының рейтингісінде 1-ші орынды С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті иеленді. 2 –ші орын-Қарағанды медицина университеті, 3–ші орын-Астана медицина университеті, 4-ші орын - М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті. және 5 - ші орын - Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы. Айта кету керек, аталмыш рейтингтік орындар медициналық ЖОО, ҒЗИ, ҰО қызметкерлерінің ғылыми белсенділігінің нәтижелерін көрсетеді.
Білім алушылардың ғылыми қызметінің нәтижелілік көрсеткіштері бойынша саралау кезінде жоғары оқу орындарының рейтингтік орындары келесі түрде берілген: 1-ші орын – Семей медициналық университеті, 2-ші орын – Қарағанды медициналық университеті, 3-ші орын – М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, 4-ші орын – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және 5 – ші орын-Астана медицина университеті.
Клиникалық бейіндегі медициналық ғылым ұйымдарының арасында ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық жетекші орынға ие болды. 2-ші орын- А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы, 3-ші орын – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, 4-ші орын – Ұлттық ғылыми медициналық орталық және 5-ші орын – Ұлттық нейрохирургия орталығы.
Клиникалық емес бейіндегі медицина ғылымы ұйымдарының рейтингісінде 1-ші орынды М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы, 2-ші орынды – Денсаулық сақтау дамыту республикалық орталығы, 3-ші орынды – "Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебі" ҚМК иеленді.
Айта кету керек, Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіштерін бағалау ҚР ДСМ 2013 жылғы 12 шілдедегі №404 бұйрығымен бекітілген медициналық ғылым ұйымдары мен медициналық жоғары оқу орындарын саралау әдістемесіне және 2015 жылы өзектендірілген ғылыми және инновациялық қызмет индикаторларын бағалау алгоритміне сәйкес жүзеге асырылды.
ҚР Денсаулық сақтау жүйесіндегі медицина ғылымы мен инновацияның бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу ҚР Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі міндеттерінің қатарына жатады. Ғылыми ұйымдар мен университеттерді ранжирлеудің барлық жаһандық жүйелеріндегі, сондай-ақ инновациялық белсенділіктің елдік рейтингтеріндегі ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіштері ғылыми зерттеулерге арналған шығыстар көлемі, халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар көлемі, ғылыми жұмыстардың дәйексөздері саны, патенттеу көлемі, алынған нәтижелерді коммерцияландыру деңгейі болып табылады.
Рейтингтік бағалау нәтижелерімен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады (Гиперссылка 1).