Ү.ж.11 наурыз күні ДСДРО Бас директоры Қанат Тосекбаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан Республикасындағы өңірлік кеңсесі басшысының м. а. д-р Энн Йохансен (Dr Anne S Johansen) ханыммен кездесті.
Осы кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері мен даму үрдістерін талқылады. Атап айтқанда, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті (АМСК) дамыту. Сонымен қатар, тараптар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының АМСК туралы шешім жобасына қатысты өз пікірлерімен бөлісті.
ДДҰ өкілі Денсаулық сақтау жүйесіне тұтас көзқарасты пайдалана отырып, денсаулық сақтауды тұрақты дамытуға бағытталған саясатты қалыптастыру және ұйымдастыру принциптерін ілгерілетудегі Қазақстанның өңірдегі рөлін атап өтті.
Бұдан басқа, тараптар ДСДРО мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан Республикасындағы кеңсесі арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы ортақ пікірге келді.