2020 жылдың 22-26маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы негізінде елордалық медицина және фармацевтика қызметкерлерінің қатысуымен оқыту семинары өткізіледі.
ДСДРО-ның Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының жетекшісі Гульзира Жусуповадәрілік заттарды ұтымды пайдалануға қатысты негізгі нормативтік құқықтық актілер, елорданың 22 медициналық ұйымдары арасында дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды бағалау нәтижелері туралы сөз сөйлеуденбастап,семинардың бірінші күнін ашты.
Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап,семинар қызықты интерактивті түрде өтті, он-лайн конференциялар аясында теориялық мәселелер қаралды, практикалық сабақтарды өткізу үшінқатысушылар шағын топтарға жиналды.
Бес күндік семинар барысында тыңдаушылар (денсаулық сақтау менеджерлері, дәрігерлер, провизорлар/фармацевттер, сарапшылар, медбикелер) дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалануды бағалауды ұйымдастыру және өткізу туралы білім алды, ол таңдау мен жоспарлауды, дәрілік заттарды тағайындаудың дұрыстығын бақылау жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін, дәрілік қателіктері мен жағымсыз әсерлерін бақылауды және т.б. қамтиды.
Сонымен қатарсеминарға келесі спикерлер қатысты: Лариса Макалкина (м.ғ.к., «Астана медицина университеті»КеАҚ), Тамила Ахаева («Астана медицина университеті» КеАҚ), Дидар Байдуллаева (ДСДРО-ның Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр редакциясы), Динара Утепова (ДСДРО-ның Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы).