ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ДСДРО) «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығы мен «Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізу туралы» ҚР Президентінің жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімінің күшіне енуіне байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін басымдықты тақырыптар бойынша 2020 жылы денсаулық сақтау технологияларын бағалауды жүргізу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылғы 15 маусымға дейін ұзартылғандығын хабарлайды.
Сонымен бірге, ДСДРО коронавирустық инфекцияның диагностикасы мен оны емдеуге арналған технологияларға ерекше басымдық берілетіндігі туралы хабарландырады. Өтінімдер «Денсаулық сақтау технологияларын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2019 жылғы 22 мамырдағы № ҚР ДСМ-85 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес толтыруы қажет.
Өтінімдер ілеспе хатпен «денсаулық сақтау технологиясын бағалау бөліміне» деген белгімен, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, А.Иманов к-сі, 13-үй, «Нұрсәулет» бизнес орталығы, «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК мекенжайына пошта арқылы және office@rcrz.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс