ҚазАқпарат – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ұжымы қызметкерлер арасында дене жаттығуын өткізу туралы бастамаға қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

 

Кадр тұрақтаса, тапшылық та азаяды

Басты назардан тыс қалып келген медицина қызметкерлерінің бағасын пандемия туындатқан дағдарыс көтерді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша індетті жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет екен. Сондықтан коронавирус­пен күрес әлі жалғасуда. Дертті жеңгеннен кейін де өмір бар. Ал еліміз аурудың екінші толқынына 4122 дәрігер және 8583 орта медицина қызметкерлерінің тапшылығымен аяқ басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында үкіметке медицина мекемелерін кадрлармен қамтамасыз етуге арналған ұзақ мерзімді болжам әзірлеуді тапсырды. Осыған орай салаға кадрлар дайындау мәселесі туралы ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Қанат Төсекбаевтан сұрап білген едік.

Қазақстанда 4122 штаттық орынға дәрігерлер қажет. Бұл туралы ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 


Аборт саны бойынша да қазақстандық қыз балалардың көрсеткіші жоғары

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында, акушер-гинеколог, Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас маманы Раушан Бердібекова өз зерттеуін таныстыра отырып, мәлім етті.

«Бұл зерттеу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуіне жатады. Біздің елдегі зерттеу көрсеткендей, Қазақстанда 15-18 жастағы қыздар ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер арасында - авт.) елдері арасында алты есе жиі босанады, яғни, алты есе жүкті болады. Бұл көбінесе біздің Қазақстанның дәстүріне де байланысты», - дейді Раушан Бердібекова.

 

Өткен демалыс күндері Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері "Бұрқасын - 2020"қысқы ХХ мерейтойлық фестиваліне қатысты. Фестиваль бағдарламасында спорттың 8 түрі бойынша (шаңғы жарысы, гір спорты, армрестлинг, шайбалы хоккей, белдікпен күрес, қысқы шағын футбол, арқан тарту және мотоспорт) жарыстар өтті .

Өкінішке орай, ДСДРО қызметкерлері жүлделі орындарға ие бола алмады, бірақ жағымды эмоциялар мен жағымды әсер алды.