Әлемнің көп елінде көптен бері қолданылатын корпоративті басқару тәсілін отандық медицина саласы да жатырқай қойған жоқ. Бірден болмаса да, біртіндеп бірлесіп басқаруға көшіп жатқан мекемелер бар. Яғни бір адамның шешім қабылдамай, басқа да жетекшілермен ақылдаса отырып, ортақ ұйғарымға келу қаншалықты тиімді жүйе? Бүгінгі бағдарламада осы тектес тақырыптар төңірегінде Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпхановамен сұхбаттасамыз.

 

 

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы еліміздегі медициналық мекемелердің рейтингін жария­лады.

Емдеу орталықтарына клиникалық қызмет және менеджмент бағыты бойынша баға қойылды.

  


Еліміздің медициналық ұйымдар жумысы қатан бақылауға алнат. Оларды атқарған жумысына халықтырсын кірние карай жұлдызшалар берлип отырап.

 

«Хабар24» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасында ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін қандай шаралардың қолданылып жатқандығы туралы әңгімелеп берді. Бұл - медицина қызметкерлерін лицензиялау, медициналық ұйымдарды аккредиттеу, медициналық қызметтерге қол жетімділік, корпоративтік басқаруды енгізу туралы ашық әңгіме.

Астанада еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мен Р4Н – Денсаулық сақтауды және әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың ғаламдық желісі ұйымдастырған «Халықты медициналық көмекпен жаппай қамтуды қамтамасыз етуге арналған денсаулық сақтауды қаржыландыру реформалары» атты мемлекетаралық конференция осы саланың өзекті мәселелерін қарады.