Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ӘМСҚ, Ұлттық статистика бюросы, СК-Фармация, «Атамекен» ҰКП, өңірлердің денсаулық сақтау басқармасы, медициналық ұйымдар өкілдері мен сыртқы сарапшылардың қатысуымен Ұлттық денсаулық сақтау шоттары бойынша (Zoom платформасында) пікірталас кездесуін өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Кездесуде денсаулық сақтауға арналған мемлекеттік және жеке шығыстарды қалыптастырудың өзекті мәселелері, медициналық қызметтерді, дәрілік заттарды сатып алуға арналған шығыстарды қалыптастыру кезіндегі тәсілдер, медициналық ұйымдардың құрылысы және т.б. талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда әлемнің 190-нан астам елі денсаулық сақтаудың ұлттық шоттарын құрып жатыр, Қазақстан ДСДРО атынан ЭЫДҰ, ДДҰ және Еуростат елдерінің сарапшылары әзірлеген «A system of health accounts» халықаралық әдістемесі бойынша 2010 жылдан бастап ҰДСШ қалыптастырады.
ДСДРО Денсаулық сақтау экономикасы бөлімінің бастығы Эльмира Забирова ҰДСШ деректерін жариялады. 2019 жылы денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстар (түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген 2 054 млрд теңгені немесе ЖІӨ-нің 3%-ын құрады). 2019 жылы денсаулық сақтауға арналған мемлекеттік шығыстар – 1 162 млрд.теңге және республикалық (95%) және жергілікті (5%) бюджеттердің шығыстарынан тұрады. Республикалық бюджеттің шығыстары ең алдымен халыққа сапалы және қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алуға бағытталған.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша жыл сайын статистикалық есептер қалыптастырылады, онда ерікті медициналық сақтандыруға (ауырған жағдайда сақтандыруға) арналған шығыстар, азық-түлік емес тауарларға (фармацевтикалық, Медициналық және ортопедиялық) арналған шығыстар, сондай-ақ үй шаруашылықтарының денсаулық сақтауға арналған шығыстары көрсетіледі.
Кездесуге өңірлердің ДСБ өкілдері де қатысты. Олар өз кезегінде шығыстарды қалыптастыру және «Жергілікті бюджеттен ТМККК қосымша қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы туралы ақпаратпен бөлісті, медициналық ұйымдарды күрделі жөндеуге және жеткілікті материалдық-техникалық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының өкілдері коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты медицина қызметкерлерінің өз денсаулығына жұмсаған шығындарының өсуіне алаңдаушылық білдірді. Олардың айтуынша, бүгінгі таңда оларды азайту және Қазақстанның медицина қызметкерлерін қолдау бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлеу қажеттілігі бар.
Тыңдаушыларды отандық денсаулық сақтау жүйесінің нарықтық жүйеге көшу мүмкіндігі туралы мәселе де қызықтырады. Эльмира Забирова қазіргі уақытта әлемде денсаулық сақтаудың 5 негізгі жүйесі бар – бұл мемлекеттік ұлттық, мемлекеттік бюджеттік, сақтандыру, нарықтық және аралас жүйелер. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі аралас, бірақ мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру басым болып табылады. Бұдан басқа, мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлейді, 2020 жылы мемлекеттен жарналардың мөлшері шамамен 297 млрд теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы саланың түрлі сарапшыларының қатысуымен денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша бірқатар пікірталас кездесулерін өткізеді.
https://elorda.info/newsqaz/22012021/131337/60009.html