Тәуелсіздік құрдасы Жандос Салпынов ел медицинасына елеулі үлес қосқысы келеді

Еліміз егемендікке ие болған жылы дүниеге келген тұғырлы Тәуелсіздіктің құрдастары – бүгінде түрлі салада еңбек етіп, елдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтар.

Солардың бірі – денсаулықты сақтауды дамыту республикалық орталығының  Дәрілік заттарды және медициналық технологияларды ұтымды пайдалану бөлімінің бас маманы, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (King’s College London, Англия университетін тәмәмдаған), «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, «Болашақ» ассоциациасының мүшесі Жандос Салпынов.

Еңбек жолында ол медицина саласына жаңашылдық пен медициналық технологияларды ұтымды пайдалануға, медциналық ізденуге айрықша көңіл бөлуде. Қазірдің өзінде жас маман 140-тан аса ғылыми жарияланымның авторы. Заман ағымына қарай статистикалық-экономикалық талдауды меңгеріп, экономикалық және клиникалық заманауи зерттеулерді меңгеруде.

Қоғамға медициналық көмектің сапасын арттыруда денсаулықты сақтаудың технологиясын бағалау – елімізде менеджменттің енді қадам басқан бағыты. Жандос жастығына қарамай, бағалау технологиясын жетілдіру жолдарын таңдады. Бұл ретте ол халықаралық дәрежедегі курстарды тәмамдаған. Мысалы, «Pharmacoeconomic modelling methods». Ол веналық қоғамдық денсаулықты сақтау мен медициналық білім беру клиникалық сараптау мектебі, соның ішінде «Health technology assessment: choosing which treatments get funded» (University of Sheffield,  England) т.б. Денсаулықты сақтауды жетілдіру мен медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырудың деңгейін көтеру керектігін басты назарда ұстайды.

Жандос Ленбайұлы жұмыстан қолы қалт еткенде әлемдік және ағылшын тіліндегі кітаптарды оқиды. Жас ғалым әсіресе, денсаулық сақтаудың қыр-сырына көңіл бөледі. Әлеуметтік желі арқылы да санқилы тақырыптарды көтеріп, денсаулықты сақтау бойынша түрлі кеңес береді. Отансүйгіш, білімге құштар жігерлі азамат болашақта Қазақстанның денсаулық сақтау саласына айтулы үлес қосуды мақсат тұтқан.

 

https://elorda.info/newsqaz/15122020/113831/53200.html