«Жаттығуды біз орталығымыздың кең дәлізінде, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып жасаймыз. Оған орталық қызметкерлері, жас ерекшеліктеріне қарамастан ерікті түрде жиналады. Көбіне жаттығуды өзім жүргіземін. Күнде түрлі қимыл-қозғалыстар жасаймыз», - деді Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының көмекшісі Римма Шиткенова.
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Қанат Төсекбаевтың айтуынша, жұмыс уақыты басталар алдында 10 минут дене жаттығуын жасау адамды сергітіп, еңбек қабілеттілігін арттырады.
«Кеңседе бір орында тапжылмай отырып, жұмыс істеу денсаулыққа кері әсерін де тигізеді. Мәселен, омыртқа қисаяды, мойынның қан тамырлары білеуленеді, жүйке аурулары пайда болады. Сондықтан, буынды жазып, қан айналымын жақсарту үшін жаттығуға 10 минут бөлген дұрыс. Әрі бұл жаңашылдықты ең алдымен қол астындағы қызметкерлерінің денсаулығын ойлайтын әр басшы қолдауы тиіс деп ойлаймын», - дейді Қанат Төсекбаев.