Денсаулық сақтау бойынша қаржыландыру реформаларының өзекті мәселелері қаралды
Астанада еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мен Р4Н – Денсаулық сақтауды және әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың ғаламдық желісі ұйымдастырған «Халықты медициналық көмекпен жаппай қамтуды қамтамасыз етуге арналған денсаулық сақтауды қаржыландыру реформалары» атты мемлекетаралық конференция осы саланың өзекті мәселелерін қарады.
ДСДРО денсаулық сақтау менеджерлері үшін үнемді өндіріс негіздері бойынша оқыту жүргізеді
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша «Үнемді өндіріс негіздері» тақырыбында 2018 жылғы наурыз айынан бастап мамыр айына дейінгі аралықта 54 сағат көлеміндегі оқыту циклін өткізеді.
Семинарды Еуропалық сапа ұйымының бас кеңесшісі, үнемді өндіріс практигі, сапа менеджменті, экологиялық менеджмент және денсаулықты қорғау менеджменті мәселелері жөніндегі сарапшы Серік Жолдаспаев жүргізеді.
Семинардан алған білім басқарудың тиімділігін арттыруға, қаржылық және еңбек шығындарын азайтуға, медициналық қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Аймақтарда ресурстарды үнемдеу негіздері жөніндегі оқуға қатысып, заманға сай білім алғысы келетіндер өтінімдерді office@rcrz.kz электрондық мекенжайына жіберулеріне болады, өтінім нысаны сілтеме бойынша қолжетімді.
Қазақстан өңірлерінде жүргізілетін семинарлар кестеге сәйкес өтетін болады:
ДСДРО АҚШ мейіргерлерінің мемлекеттік кеңестері ұлттық комитетімен байланыс орнатуда
27-30 қарашада ДСДРО өкілдері жұмыс сапарымен Америка Құрама Штаттары мейіргерлерінің мемлекеттік кеңестері ұлттық комитетінің (NCSBN) шақыруымен Чикагода болды.
NCSBN – үкіметтік емес ұйым, ұйым арқылы АҚШ халқының денсаулығын қорғап қана қоймай, мейіргерлерге арналған ұлттық лицензияланған емтихан (NCLEX) өткізуді қамтамасыз етеді, нәтижелері АҚШ-та ғана емес, Канада аумағында да мойындалады.
NCSBN барудағы мақсат – Қазақстанда денсаулық сақтау мамандарын сертификаттау жүйесін медициналық қызметті лицензиялау жүйесіне ауыстыру үшін орта медицина қызметкерлерін лицензиялау және сертификаттаудың халықаралық тәжірибелерімен танысу.
Сапар аясында ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова NCSBN-мен орта медицина қызметкерлерінің медициналық қызметтерін реттеу, медициналық білімдерін жетілдіру және лицензиялау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
ДСДРО өкілдері емтихан материалдарын әзірлеу, лицензиялық емтиханнан өту баллын белгілеу және психометриялық талдау жасау арқылы нәтижелерді есептеу тәжірибелерімен танысты. Сондай-ақ, медициналық реттеуде және лицензиялауда ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері талқыланды.