Дүниежүзілік ДСҰ өкілдерімен кездесу
- Толығырақ
- Автор: Super User
ҰҒДСДО Қазақстандағы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы елдік кеңсесінің өкілдерімен кездесті
Кездесу барысында Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО Басқарма төрағасы Александр Костюк ДДҰ елдік кеңсесінің Қазақстанға көрсетіп отырған қолдауының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.
ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы д-р Кэролайн Кларинваль Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамыту және реформалау үшін ҰҒДСДО-ның маңызды стратегиялық рөлін атап өтіп, басқа елдердің табысты тәжірибесін және денсаулық сақтау жүйелерін ұйымдастырудың үздік практикаларын ұсыну арқылы және Орталықты елдік кеңсенің болашақ жобаларына тарту арқылы ұйымға қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Кездесу барысында ҰҒДСДО-ның ДДҰ-мен ынтымақтастығының келесі басым бағыттары талқыланды: дәрілік саясат, антибиотикке төзімділік, денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру, инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау, денсаулық сақтау экономикасы, ғылымды дамыту, электрондық денсаулық сақтауды стандарттау, оның ішінде Қазақстанда АХЖ-11 енгізу (аурулардың халықаралық жіктемесі 11 қайта қарау) және т. б.
Халық пен медицина және фармацевтика қызметкерлері арасында сауалнама нәтижесі
- Толығырақ
- Автор: Super User
12 мамыр – Халықаралық мейірбике күн
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бұл халықаралық мереке медбике кәсібінің негізін қалаушы ұлыбританиялық Флоренс Найтингейлдің құрметіне белгіленген. Ол Қырым соғысында (1853-1856 жж.) өзі сияқты медбикелердің басын қосып, дүние жүзі бойынша тұңғыш қайырымдылық қызметін ашқан болатын.
Денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы медбикелердің еңбегі ұшан теңіз. Науқасты қабылдағаннан бастап, оны емдеу барысындағы барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін олардың еңбегі қоғам алдында қашанда бағалана бермек. Сондықтан медбикелік кәсіп немесе медбике ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі. Медбикелерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Ұлт саулығы жолында аянбай етіп етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтарды жұмысқа дербес бөлу мәселелері бойынша кеңес
- Толығырақ
- Автор: Super User
Шығыс Еуропа және Орталық Азия (ШЕОА) өңірінде ДСТБ дамыту перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
22-23 сәуірде Нұр-Султан қ. «Шығыс Еуропа және Орталық Азия (ШЕОА) өңірінде денсаулық сақтау технологияларын бағалауды дамыту перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.