Александр Костюк Мәскеуде өткен IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

2022 жылдың 20-21 маусымы аралығында Салидат Қайырбекова ҰҒДСДО басқарма төрағасы Александр Костюк Мәскеуде өткен «Денсаулық сақтау технологияларын бағалау: дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін дамыту стратегиясын жетілдіру» атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

 

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

 

 

Конференция аясында пленарлық отырыстар мен панельдік пікірталастар өткізілді. А.В. Костюк «ДСТБ даму перспективалар» және «Ресей Федерациясының субъектілерінде ДСТБ жүйесін дамыту» атты екі панельдік сессияның жұмысына қатысты.

Қатысушылар денсаулық сақтау технологияларын кешенді бағалауды нормативтік құқықтық реттеу, денсаулық сақтау технологияларын бағалау қағидаттарын іске асыру, инновациялық технологиялар үшін ДСТБ дамыту перспективалары, инновацияларды бағалау және экономикалық қолайлылықтың нақты критерийлерін әзірлеу кезінде келіссөздер процесін енгізу, дәрілік препараттардың терапевтік құндылығын бағалау, инновацияларды қаржыландыру кезінде тәуекелдерді басқару, орфандық аурулары бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру тетіктері талқыланды.

Іс-шараға денсаулық сақтау технологияларын бағалау саласындағы жетекші халықаралық және ресейлік сарапшылар, Ресей Федерациясының заңнамалық және атқарушы билік федералды органдарының салалық департаменттері мен комитеттерінің басшылары, міндетті медициналық сақтандырудың федералды және аумақтық қорларының өкілдері, пациенттер ұйымдарының, индустрияның, сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты.

Аталған конференция айтылған мәселелерді ескере отырып, жаңа шешімдерді әзірлеуге және ДСТБ саласындағы халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.