Медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтарды жұмысқа дербес бөлу мәселелері бойынша кеңес

 
29 сәуірде Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО базасында ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының төрағалығымен ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтарды жұмысқа дербес бөлу мәселелері бойынша кеңес өтті.
 
 
Возможно, это изображение 5 человек, люди сидят и люди стоят
 
 
 
 
Кеңес отырысына ЖОО-ның бұл бағытқа жетекшілік ететін өкілдері, сондай-ақ білім және ғылым ұйымдарының жауапты мамандары күндізгі және онлайн форматта, ҰҒДСДО Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары обсерваториясының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар 2022 жылғы түлектерді бөлу жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша ағымдағы жағдайды талқылады, 2019-2021 жылдардағы жұмыс қорытындылары бойынша туындаған мәселелерге және шешу жолдарына назар аударды.
 
 
Возможно, это изображение 12 человек, люди сидят, люди стоят и в помещении
 
 
 
Кеңес қорытындысы бойынша ЖОО, ҒЗИ, ҰО арасындағы өзара іс-қимыл бойынша қызметті оңтайландыру және жетілдіру бойынша бірқатар шаралар ұсынылды.