12 мамыр – Халықаралық мейірбике күн

 

 

Бұл халықаралық мереке медбике кәсібінің негізін қалаушы ұлыбританиялық Флоренс Найтингейлдің құрметіне белгіленген. Ол Қырым соғысында (1853-1856 жж.) өзі сияқты медбикелердің басын қосып, дүние жүзі бойынша тұңғыш қайырымдылық қызметін ашқан болатын.

Денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы медбикелердің еңбегі ұшан теңіз. Науқасты қабылдағаннан бастап, оны емдеу барысындағы барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін олардың еңбегі қоғам алдында қашанда бағалана бермек. Сондықтан медбикелік кәсіп немесе медбике ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі. Медбикелерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Ұлт саулығы жолында аянбай етіп етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!