АЛМАТЫДА АЛҒАШ РЕТ ДДҰ ЕУРОПАЛЫҚ ӨҢІРЛІК КОМИТЕТІНІҢ ТҰРАҚТЫ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін еліміздің тарихында тұңғыш рет Алматыда Қазақстанның төрағалығымен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, Еуропалық өңірдің 12 елінен келген ӨКТК мүшелері, ДДҰ сарапшыларының қатысуымен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің Тұрақты комитетінің кезекті отырысы өтеді.
Өңірлік комитеттің тұрақты комитеті (ӨКТК) Өңірлік директорға консультаця беретін Еуропалық өңірлік деңгейдегі ДДҰ-ның басқарушы органдарының бірі болып табылады, ЕуроДДҰ қызметінің одан әрі даму саясатын және негізгі бағыттарын айқындайды.
Биыл Қазақстанның ӨКТК-ға төрағалығы аясында С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында ӨКТК көшпелі кездесуі өтуде.
Кездесу барысында ӨКТК мүшелеріне Өңірлік директордың есебі, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек туралы ақпарат ұсынылады, төтенше жағдайларға ден қою мәселелері, ағымдағы жылдың қазан айында Астана қаласында өтетін ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы бағдарламасының жобасы және МСАК бойынша халықаралық конференция талқыланады.
Конференцияны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға 100-ден астам елдің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау саласындағы мамандар офлайн және онлайн режимде қатысады.
Бүгінгі доктор Ханс Клюгемен кездесудің күн тәртібінде Денсаулық сақтау министрлігінің ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросымен, оның ішінде 2024-2025 жылдарға арналған екі жылдық ынтымақтастық туралы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастығының негізгі аспектілері талқыланады.
Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
- Толығырақ
- Автор: Super User
Құрметті ханымдар, сіздерді көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!💐💐💐
Жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, баянды бақыт пен береке тілейміз. Әрдайым құлпырып жүре беріңіздер!
Армадарыңыз орындалып, мақсаттарыңыз айқындала берсін
Құрметпен,
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының ұжымы
Медициналық мамандықтар бойынша резидентурада кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселелері талқыланды
- Толығырақ
- Автор: Super User
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығымен (ДСДҰҒО) бірлесіп медициналық мамандықтар бойынша резидентурада кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселелері талқыланды. ЖҚБ, ЖОО, ҒЗИ, ҒЗО мамандарымен онлайн-кездесу барысында осы бағыт бойынша өңірлер мен медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының дайындығына мониторинг жүргізілді.
Сондай-ақ, кеңесте ЖАО-ның өткір тапшы мамандықтар бойынша резидентурада медициналық кадрларды даярлауға арналған білім беру гранттарының санын ұлғайтудың, сондай-ақ 2023 жылғы жас мамандар мен PhD докторларын жұмысқа бөлудің өзекті мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ресми түрде 267 027 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде
78 227 дәрігер және 188 800 орта медицина қызметкері.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына ДСҰ жедел деректері бойынша республиканың денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың тапшылығы жоғары білімі бар 4 мыңға жуық қызметкерді (дәрігерлер) және 4 мың орта медицина қызметкерін (ОМҚ) құрайды.
Қазақстанда өте тапшы мамандықтардың ішінде мыналарды атап өтуге болады: терапевттер (811 штат бірлігі); жалпы практика дәрігерлері (489,25), педиатрлар (304,50), ересектер мен балалар инфекционистері (401,75), ересектер мен балалар анестезиолог-реаниматологтары (787,75), ересектер мен балалар акушер-гинекологтары (291,50). Бұл ретте кадрлардың ең көп тапшылығы Астана және Қостанай қалаларында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстарында байқалады.
ҒЗИ ҰО жоғары оқу орындарының * деректері бойынша биыл Қазақстанда жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар 9 мыңға жуық жас маман шығару жоспарлануда, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 4 434, оның ішінде ауылдық квота бойынша - 703 адам. Бұл ретте республика бойынша мамандарды бөлу мүдделі органдар мен ұйымдардың, ҮЕҰ-ның қатысуымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде арнайы комиссияның қатысуымен жүзеге асырылады.
Айта кетейік, ДСҰҒО мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп жергілікті атқарушы органдардың резидентурада даярлауға, республиканың қажеттіліктеріне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауды жоспарлау бойынша, сондай-ақ медициналық білім және ғылым ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру сапасын арттыру бойынша нысаналы гранттардың үлесін ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
«С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамытудың ғылыми орталығы» РМК республиканың барлық өңірлерінде орналасқан 20 өңірлік филиал құрып, қайта құру жұмыстарын жүргізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
«С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамытудың ғылыми орталығы» РМК (ҰДСДҒО) республиканың барлық өңірлерінде орналасқан 20 өңірлік филиал құрып, қайта құру жұмыстарын жүргізді. Аумақтық филиалдардың және ҰДСДҒО даярланған білікті мамандарының болуы Орталыққа ең шалғай елді мекендерде жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
«С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамытудың ғылыми орталығы» РМК (ҰДСДҒО) статистикалық деректерді жинау мен өңдеудің бірыңғай әдіснамасын сақтау мәселелері бойынша әлеуетті нығайту жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асырады. Орталық сонымен қатар ДДҰ бөлімшелерімен халықаралық жіктеуіштер негізінде халықтың өлімінің себептерін кодтаудың және талдаудың әдістемелік тәсілдерін зерделеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
ҰДСДҒО және оның филиалдары уәкілетті органға жедел, ахуалдық, медициналық-статистикалық, талдамалық ақпарат береді, сондай-ақ күнделікті мониторинг жүргізеді және тәулік бойы стационарларға емдеуге жатқызуды үйлестіруді жүзеге асырады. Орталық сондай-ақ көрсетілген медициналық қызметтердің мониторингін, республиканың ауылдық денсаулық сақтау және онкологиялық қызмет деңгейіндегі медициналық ұйымдардың қызметіне мониторингті және т.б. жүргізеді.
Күнделікті негізде, әдіснамалық сүйемелдеуді басқа мамандармен тығыз ынтымақтастықта филиалдардың маман дәрігерлері, медициналық статистиктері (әдіскерлері) жүзеге асыратын барлық медициналық ұйымдардан тәулік бойы деректер жиналады. Статистикалық деректер ДСМ, ПӘ, ПМК, БНС СЖРА ҰСБ, басқа да мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ДДҰ, ЮНФПА, БҰҰ және т. б. халықаралық ұйымдарға ұсынылады.
Бұдан басқа, барлық негізгі ақпарат, оның ішінде: ресурстар, процестер және қызмет нәтижелері, бекітілген НҚА сәйкес, денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі бағыттарына (кардиологиялық, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, травматологиялық, гинекологиялық, онкологиялық, туберкулезге қарсы, психоневрологиялық қызметтер және т.б.) жетекшілік ететін барлық бейінді ҒЗИ мен ҰО беріледі.
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін ҰДСДҒО қажетті материалдық-техникалық база мен кәсіби кадр ресурстары шоғырланған.
Қалыптасқан дерекқорды тиімді пайдалануды тұрақты мониторингтеу және бағалау үшін бірнеше жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауларды жинау мен өңдеудің басынан бастап өңірлер мен денсаулық сақтау субъектілері бөлінісінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және сапасы мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қорытындылар мен ұсыныстарға дейін үздіксіз байланыс жолға қойылып, бақыланады.
Бұл қызметтердің әлеуметтік маңыздылығы басқарушылық шешімдер қабылдау және сенімді, толыққанды, объективті және өзекті статистикалық ақпаратқа негізделген елдің мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесін одан әрі стратегиялық дамыту үшін маңызды болып табылады.
13 қаңтарда "Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы" РМК-да жыл сайынғы дәстүрлі донорлар күні өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қан орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ҰҒО қызметкерлері қатысты.
Орталықта жыл сайынғы негізде донор күнін тұрақты ұйымдастыру қан мен оның компоненттерінің қорларын ұлғайтуға, сондай-ақ өтеусіз негізде донорлық пен қайырымдылықты танымал етуге мүмкіндік береді, деп атап өтті "Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы" РМК Басқарма төрағасы Александр Костюк.
Донорлық қанға деген қажеттілік әрдайым жоғары екенін, әр сағат сайын, минут сайын қажет екенін ескеріңіз. Бұл адамдардың өмірін сақтап қалуға, қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Донорлар 450 мл көлемінде қан тапсырады. дені сау адамның денесі үшін бұл көлемде қан тапсыру физиологиялық қауіп төндірмейді, сонымен қатар қан кету қаупі жоқ.
Қанның қауіпсіз компоненттерін қамтамасыз ету үшін оларға мұқтаж адамдардың барлығында өз еркімен, ақысыз және үнемі қан тапсыруға дайын донорлар болуы керек.