Қыстың көбесі сөгіліп, сай-саладан су ағып, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін осынау мерекенің баршамыз үшін жөні бөлек. Себебі, Наурыз жаңарудың бастауы, ырыс пен несібенің арқауы.
Олай болса, әз Наурыз бақ-берекесімен келсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз!
Ізгі тілекпен,
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшылығы.

Бүгін еліміздің тарихында тұңғыш рет Алматыда Қазақстанның төрағалығымен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, Еуропалық өңірдің 12 елінен келген ӨКТК мүшелері, ДДҰ сарапшыларының қатысуымен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің Тұрақты комитетінің кезекті отырысы өтті.

Өңірлік комитеттің тұрақты комитеті (ӨКТК) Еуропалық аймақ деңгейіндегі ДДҰ-ның басқарушы органдарының бірі болып табылады, Өңірлік директорға кеңес береді, ЕуроДДҰ қызметінің одан әрі даму саясатын және негізгі бағыттарын айқындайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ДДҰ делегациясын құттықтап, Қазақстанда дүниежүзілік ұйымның Еуропалық өңірлік комитетінің Тұрақты комитетінің отырысы алғаш рет өтіп жатқанын атап өтті.

«Биылғы жылы МСАК мәселесі мен Астана декларациясы екі негізгі халықаралық іс-шара барысында талқыланатын болады.

Біріншіден, қыркүйек айында МСАК мәселесі БҰҰ Бас Ассамблеясы барысында денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңесте талқыланатыны біз үшін маңызды.

Доктор Клюге, осыған байланысты біз өңірде МСАК дамытудағы көшбасшылығымызды ескере отырып, осы кеңесте МСАК мәселесін талқылау кезінде Қазақстанның бірлесіп төрағалық етуінен қолдау сұраймыз.

Екіншіден, 23 қазанда Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл толуына және Астана қаласының МСАК бойынша декларациясының қабылданғанына 5 жыл толуына арналған МСАК бойынша халықаралық конференция өтеді. Конференцияны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірлесіп ұйымдастырады», - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Бүгін еліміздің тарихында тұңғыш рет Алматыда Қазақстанның төрағалығымен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, Еуропалық өңірдің 12 елінен келген ӨКТК мүшелері, ДДҰ сарапшыларының қатысуымен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің Тұрақты комитетінің кезекті отырысы өтеді.

Өңірлік комитеттің тұрақты комитеті (ӨКТК) Өңірлік директорға консультаця беретін Еуропалық өңірлік деңгейдегі ДДҰ-ның басқарушы органдарының бірі болып табылады, ЕуроДДҰ қызметінің одан әрі даму саясатын және негізгі бағыттарын айқындайды.

Биыл Қазақстанның ӨКТК-ға төрағалығы аясында С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында ӨКТК көшпелі кездесуі өтуде.

Кездесу барысында ӨКТК мүшелеріне Өңірлік директордың есебі, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек туралы ақпарат ұсынылады, төтенше жағдайларға ден қою мәселелері, ағымдағы жылдың қазан айында Астана қаласында өтетін ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы бағдарламасының жобасы және МСАК бойынша халықаралық конференция талқыланады.

Конференцияны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға 100-ден астам елдің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау саласындағы мамандар офлайн және онлайн режимде қатысады.

Бүгінгі доктор Ханс Клюгемен кездесудің күн тәртібінде Денсаулық сақтау министрлігінің ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросымен, оның ішінде 2024-2025 жылдарға арналған екі жылдық ынтымақтастық туралы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастығының негізгі аспектілері талқыланады.

 

Құрметті ханымдар, сіздерді көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!💐💐💐

Жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, баянды бақыт пен береке тілейміз. Әрдайым құлпырып жүре беріңіздер!

Армадарыңыз орындалып, мақсаттарыңыз айқындала берсін

Құрметпен,
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының ұжымы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығымен (ДСДҰҒО) бірлесіп медициналық мамандықтар бойынша резидентурада кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселелері талқыланды. ЖҚБ, ЖОО, ҒЗИ, ҒЗО мамандарымен онлайн-кездесу барысында осы бағыт бойынша өңірлер мен медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының дайындығына мониторинг жүргізілді.
Сондай-ақ, кеңесте ЖАО-ның өткір тапшы мамандықтар бойынша резидентурада медициналық кадрларды даярлауға арналған білім беру гранттарының санын ұлғайтудың, сондай-ақ 2023 жылғы жас мамандар мен PhD докторларын жұмысқа бөлудің өзекті мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ресми түрде 267 027 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде
78 227 дәрігер және 188 800 орта медицина қызметкері.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына ДСҰ жедел деректері бойынша республиканың денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың тапшылығы жоғары білімі бар 4 мыңға жуық қызметкерді (дәрігерлер) және 4 мың орта медицина қызметкерін (ОМҚ) құрайды.
Қазақстанда өте тапшы мамандықтардың ішінде мыналарды атап өтуге болады: терапевттер (811 штат бірлігі); жалпы практика дәрігерлері (489,25), педиатрлар (304,50), ересектер мен балалар инфекционистері (401,75), ересектер мен балалар анестезиолог-реаниматологтары (787,75), ересектер мен балалар акушер-гинекологтары (291,50). Бұл ретте кадрлардың ең көп тапшылығы Астана және Қостанай қалаларында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстарында байқалады.
ҒЗИ ҰО жоғары оқу орындарының * деректері бойынша биыл Қазақстанда жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар 9 мыңға жуық жас маман шығару жоспарлануда, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 4 434, оның ішінде ауылдық квота бойынша - 703 адам. Бұл ретте республика бойынша мамандарды бөлу мүдделі органдар мен ұйымдардың, ҮЕҰ-ның қатысуымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде арнайы комиссияның қатысуымен жүзеге асырылады.
Айта кетейік, ДСҰҒО мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп жергілікті атқарушы органдардың резидентурада даярлауға, республиканың қажеттіліктеріне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауды жоспарлау бойынша, сондай-ақ медициналық білім және ғылым ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру сапасын арттыру бойынша нысаналы гранттардың үлесін ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлейді.