Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдары еліміз жан-жақты дамып, үлкен биіктерге жетті, соның ішінде медицина саласы да өркендеп, ауқымды  бағдарламалар іске асырылды.

Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің қуатты әлеуетін құрды, денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше бағдарламасы іске асырылды. Біз заманауи ғылыми медициналық орталықтарды, Қазақстанда енгізілген жоғары тиімді жаңа технологияларды құрдық. Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік саясатты іске асырудың басты нәтижесі халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту болды.

Біздің алдымызға қойылған мақсат пен міндеттерімізді жүзеге асырамыз. Біз Қазақстанды мықты мемлекет және бәсекеге қабілетті ұлт ретінде көргіміз келеді!

Егеменді елдің іргесі биік, мәртебесі жоғары болсын.

 

Ізгі ниетпен,

ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығының басқарма төрағасы Александр Костюк