Шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні

 

 «Домбыра – қазақтың паспорты мен бренді». Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілді.

Қазақстанда ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күн қазақстандық қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында құрылған.

 «Домбыра қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан əлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. ЮНЕСКО шешімімен домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енді. Елімізде қасиетті қара домбырға деген құрмет ешқашан төмендеген емес», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Домбыра күні қарсаңында Елбасы кітапханасы қазақтың домбырашылары мен күйшілеріне арналған бейнеролик дайындады.

 

ролик_Ұлттық домбыра күні

 

 

 

 
 
 
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Қатысушылар алдымен COVID-19-дан қайтыс болған медицина қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

 

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ДСДРО Медициналық көмекті жетілдіру орталығы қант диабетімен ауыратын науқастарға медициналық көмектің қолжетімділігіне талдау жүргізді. Оның барысында аталған көмек көрсетудің халықаралық тәжірибесі зерделенді.

 
 
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері Ақмол кентіндегі «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды.

Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша бекітілген, ғылыми және инновациялық қызметтің тиімділігін бағалау ережелеріне сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі No 360-VI ЗРК Кодексін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР DSM-316/2020 медициналық университеттер мен ғылыми ұйымдардың 2020 жылға арналған ғылыми-инновациялық қызметін рейтингтік бағалау нәтижелері шығарылды.