Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері Ақмол кентіндегі «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды.
Экскурсия барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, 16 адамға ұйымдастырылды.
Кешен тоталитаризм дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының өткізген бейнетті күндері мен ерік-жігері жайлы сыр шертеді.
ДСДРО қызметкерлері Қасірет аркасы монументінен өтіп, жанындағы әр халықтың ескерткіш стелаларымен, мұражаймен жан-жақты танысты.
Сонымен бірге «АЛЖИРдің ызғарлы суығы» деректі фильмін көріп, лагерьде мерзімін өтеген 7 мыңнан астам әйелдің есімдері жазылған Еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды.