28 ШІЛДЕ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ГЕПАТИТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

 

Жыл сайын 28 шілдеде дүниежүзінде гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі. Дәл осы күні В гепатиті вирусын ашқан америкалық дәрігер, Нобель сыйлығының лауреаты Барух Самюэль Блумберг дүниеге келген. 

Бұл күн ең алғаш рет Халықаралық гепатитке қарсы күрес жөніндегі альянс бастамасы бойынша аталып өтті. Ал 2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл датаны өз күнтізбесіне енгізіп, Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні ресми мәртебеге ие болды.

 

ДДҰ материалдарына сүйенсек, тестілеумен және емдеумен жеткіліксіз қамту — 2030 жылға қарай гепатитті жою бойынша жаһандық мақсаттарға қол жеткізуде ең күрделі олқылық.

 

 

Келесі көрсеткіштерге назар аударсақ:

 

325 миллион

Адам В немесе С вирустық гепатитімен өмір сүреді

 

900 000

адам жыл сайын В вирустық гепатитінен қайтыс болады

 

10%

В гепатитімен өмір сүретіндер және С гепатитімен өмір сүретіндердің 19%-ы өздерінің серологиялық мәртебесін біледі

 

42%

әлемде балаларға В гепатитіне қарсы алғашқы вакцинация туған кезде беріледі

 

 

Гепатит — бауырдың қабынуы. Оның: A, B, C, D және E деген түрлері болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. Бәрінен қауіптісі - Е гепатиті. Оны ерте анықтау қиын. Сырқаттардың 90 пайызы - өткір гепатитке шалдығады: мұндайда науқастың көзі мен терісі сарғайып кетеді. Алайда, емделіп шыққан пациент бойында ауруға қарсы иммунитет пайда болады.

 

Вирустан қорғанудың негізгі шаралары:

1.      Таза ауызсу ішу;

2.      Тазалық гигиенасы ережелерін сақтау;

3.      Санитариялық шараларды арттыру (стерильденген инелер, ұстаралар, және басқа медициналық құралдар);

4.      Жыныстық-қарым қатынаста қорғану;

5.      Иммунитет көтеру.

 

Әрине, «Гепатитсіз болашақты» қамтамасыз ету үшін бірлескен күш қажет:

  • Жаңа туған нәрестелердің бұл ауруды ЖҰҚТЫРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҚАЖЕТ. Барлық нәрестелер туылған кезде В гепатитіне қарсы вакцинаның дозасымен және кем дегенде екі келесі дозамен қамтамасыз етілуі керек;
  • АНАДАН БАЛАҒА БЕРУДІ БОЛДЫРМАУ ҚАЖЕТ. Барлық жүкті әйелдер жоспарлы түрде В гепатитіне, АИТВ-ға және мерезге тестілеуден өтіп, қажет болған жағдайда ем алуы тиіс;
  • ЕШКІМДІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫРМАУ ҚАЖЕТ. Барлық адамдар, соның ішінде инъекциялық есірткіні тұтынушылар, қамаудағылар, мигранттар және басқа да қауіп-қатер топтарының өкілдері гепатиттің алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша қызметтерді пайдалана алуы тиіс;
  • Тестілеу мен емдеуге ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТІ КЕҢЕЙТУ. Вирустық гепатитті уақтылы анықтау және емдеу қатерлі ісік пен бауырдың басқа да ауыр ауруларының алдын алады;
  • Covid-19 пандемиясы кезеңінде гепатитке қарсы күрес бойынша НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ ҚОЛДАУ. Гепатиттің алдын-алу және емдеу, атап айтқанда нәрестелерді иммундау, зиянды азайту және В гепатитін үздіксіз емдеу пандемия жағдайында да өте маңызды.