Қант диабетімен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсетудің халықаралық тәжірибесі туралы

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ДСДРО Медициналық көмекті жетілдіру орталығы қант диабетімен ауыратын науқастарға медициналық көмектің қолжетімділігіне талдау жүргізді. Оның барысында аталған көмек көрсетудің халықаралық тәжірибесі зерделенді.

 

 

 

 

Қант диабеті қан айналымы жүйесі аурулары мен онкопатологиядан кейін өлімнің тікелей себептері бар аурулардың арасында үшінші орынға ие.

 

Экономикасы дамыған елдерде әр 10-15 жыл сайын қант диабетімен ауыратын науқастардың саны орта есеппен 2 есе артады.

 

World Bank Diabetes prevalence есебі бойынша Қазақстан қант диабетінің таралуы бойынша әлемде 119-шы орында, бұл 20-70 жас санатында 6,1% - ды құрайды

 

Еуропаның 27 елінде Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету (МСАК) тәжірибесін зерделеу кезінде Ұлыбритания мен Нидерландыда МСАК жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны, Францияда, Германияда, Норвегияда, Швецияда және Швейцарияда бағалау бойынша орташа деңгейдің болғаны анықталды.

 

МСАК сапасын бағалаудың маңызды индикаторларының бірі ретінде пациенттердің қанағаттанушылығы айқындалды: 2 типті қант диабеті бар және қант диабеті жоқ адамдардың өмір сүру сапасын талдау кезінде жыл сайын өмір сапасы көрсеткіштерінің, атап айтқанда, қант диабетімен салыстырғанда қант диабеті бар топтағы физикалық компонент пен психологиялық компоненттің төмендеуі байқалды.

Австралияда пациенттерді тиісті емдеу, алдын алу режимін және өзін-өзі бақылауды сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыратын «ұлттық диабеттік стратегия (NDSS)» бағдарламасы енгізілді. Диабетологиялық орталықтар ірі госпитальдардың эндокринологиялық бөлімшелеріне орналастырылды.

Диабетпен ауыратын науқастарды қарау кезеңділігі мынадай көрсеткіштер бойынша реттелген: гликизацияланған гемоглобин (HbA1c) деңгейін әрбір 3-6 ай сайын анықтау, офтальмологтың әрбір 6-12 ай сайын тексеруі, әрбір 6 ай сайын табандарды тексеруі. Эндокринологтың консультациясы ақылы негізде жүзеге асырылады, бұл ретте эндокринологқа консультацияға күту парағы 2-3 айды құрайды, бұл ретте пациенттерде дәрігерді таңдау құқығы жоқ.

 

Ұлыбританияда қант диабетімен ауыратын науқастарға эмоционалды және әлеуметтік қолдауды қамтитын қант диабетімен ауыратын науқастарға бағытталған құрылымдық топтық оқыту курсын енгізе отырып «диабетпен ауыратын науқастарға және алғашқы диагноз қойылған адамдарға өзін-өзі бақылау туралы және диабеттік білім беру» атты білім беру бағдарламасы салмақ жоғалту және темекі шегуді тоқтатуда оң нәтиже беруде.

 

* Қазақстандағы жағдай туралы келесіде баяндалатын болады