ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК, ғылыми-медициналық сараптама жүргізуші жұмыс орган бола отырып,:
1) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларының жобаларын;
2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламаларды;
3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелерін;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылатын ғылыми жұмыстарды;
5) денсаулық сақтау практикасына енгізу жоспарланған:
- монографияларды
- әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулықтарды,
- оқулықтар мен оқу құралдарын қоса алғанда, ғылыми-медициналық әзірлемелерді ғылыми-медициналық сараптауды жүзеге асырады.
Сараптама жүргізу және ғылыми-медициналық әзірлемелерді (монографиялар, әдістемелік ұсынымдар, оқулықтар, т. б.) бекітуді, "ДСДРО" РМК бағалар прейскурантына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырады.
Ғылыми-медициналық әзірлемелерді сараптау Шарт жасалған күннен бастап 25 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ғылыми-медициналық сараптама тәуелсіз сарапшыларды – денсаулық сақтау жүйесінің тәуелсіз сарапшылардың базасына кіретін жоғары білікті мамандарын тарта отырып, жүзеге асырылады.
Ғылыми-медициналық әзірлемелерге сараптама жүргізу нәтижелері бойынша ғылыми-медициналық сараптама жүргізуші жұмыс органы өтініш берушіге ғылыми-медициналық әзірлемелерді бекіту (немесе жасалған ескертулерге сәйкес пысықтау қажеттілігі) туралы ресми қорытынды береді.
Бекітілген ғылыми-медициналық әзірлемелердің тізбесімен берілген сілтеме бойынша танысуға болады.
Бекітілген ғылыми-медициналық әзірлемелер тізімі:
2016 жылға бекітілген ғылыми-медициналық әзірлемелер тізімі
2017 жылға бекітілген ғылыми-медициналық әзірлемелер тізімі
2018 жылға бекітілген ғылыми-медициналық әзірлемелер тізімі
Ғылыми-медициналық сараптама жөніндегі барлық қажетті ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:
Тел: 700950 қос. (1109) немесе қос. (1058)
Электрондық мекен-жайы: otargalieva_d@rcrz.kz