Биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы

 

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында халықаралық аренада танымал, өркендеген, дамып келе жатқан елге айналды. 2021 жылды ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жариялады.

АНК провела круглый стол, посвященный 30-летию Независимости - Новости  Казахстана и мира на сегодня

 

1991 жылы 1 желтоқсанда Бүкілхалықтық Президент сайлауын өткізу нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланып, 10 желтоқсан күні қызметін атқара бастады. 10 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР-дың атауын "Қазақстан Республикасы" деп өзгерту туралы заңға қол қойды. Ал Жоғарғы кеңес оны Қазақстан Республикасының президенті ретінде бекітті. Тура алты күннен кейін 16 желтоқсанда елдің мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Араға бес ай салып, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстанның Қарулы күштері құрылды.

1992 жылдың 4 маусымында тәуелсіздіктің басты атрибуттары – Ту мен Елтаңба бекітілді. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков, ал Елтаңбаны Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Конкурс кезінде осы екі мемлекеттік рәміздің 1 500 нұсқасы ұсынылды. 

1993 жылы тағы бір маңызды құжат рәсімделді. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1993 жылы 12 қараша күні Қазақстанның ұлттық валютасы айналымға шықты.

30 жылдың ішінде Қазақстанда экономика, мәдениет пен руханиятты дамытуға арналған біраз мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды.

Алдымен "Қазақстан - 2030" стратегиясы басшылыққа алынды. Ал 2012 жылы "Қазақстан-2050" стратегиясы жарияланды. Соның аясында салалық бағдарламалар қабылдана бастады. Жалпы, тәуелсіздік жылдары біраз құжаттар қабылданды.

Негізгі бағдарламалар:

  • Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы;
  • Бизнестің жол картасы;
  • "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы;
  • "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы;
  • "Рухани жаңғыру" бағарламасы (президенттің мақаласы негізге алынды);
  • Цифрлық Қазақстан
  • "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму бағарламасы;
  • "Еңбек" бағдарламасы.

Бұдан бөлек, білім, денсаулық, ұлттық қауіпсіздік, экспорт, тіл саясаты, туризм, агроөнеркәсіп кешені, аймақтарды дамыту, жемқорлықпен күрес, дағдарысқа қарсы шаралар және тағы басқа маңызды бастамалар қолға алынды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды бағдарламалардың дәуірі өтті деп санайды. Сол себепті ондай құжаттарды ұлттық жобаларға айналдыруға тапсырма берілді. Осылайша, негізгі мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік болады.

Бүгінде Қазақстан-тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Қаржы министрлігінің Статистика комитетінің 2020 жылғы 1 қазандағы деректері бойынша республика халқы 18,8 миллион адамнан асады. Қазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орында.

 

 








 

 

2021 жылдың желтоқсанында Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Осы қысқа мерзім ішінде еліміз өте қарқынды дамып, зор табыстарға қол жеткізді. 30 жыл ішінде біз тұрақты экономика құрып, әлеуметтік салада, саясатта, мәдениетте және спортта табысқа қол жеткіздік. Бүгінде еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге дайындалу үстінде.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын ауқымды мерекелеу аясында бірыңғай логотип әзірленді. Логотип минимализм стилінде жасалған. Бұл «30» саны мен жазулар түріндегі графикалық элемент. «30» санының дөңгелектілігі шексіздік белгісін және Қазақстанның үздіксіз дамуын, еліміздің одан әрі гүлденуін білдіреді.