16 қыркүйекте – бүгінде ең сұранысқа ие медициналық мамандардың бірі, хирург-дәрігерлер, өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде.
«Хирургия» сөзі гректің «cher» – қол және «ergon» – «қол әрекеті», «қолөнер» дегенді білдіреді. Бұл анықтама ертеректе аурудың көрінетін белгілерін жоюдың қарапайым механикалық әдістері арқылы жүргізілген кезеңінде қолданылған.
Қазіргі таңда хирургия - бұл ғылыми білімнің және нақты медициналық көмек көрсетудің практикалық әдістерінің көпфункционалды жүйесі болып табылады. Ол бір орында тұрмай, хирургиялық араласулар ең заманауи техника мен құралдарды қолдана отырып, күннен-күнге дамуда. Бүгінде хирург дәрігерлердің қолдануында лазерлік және радиотолқынды аспаптар, роботтар, эндоскоптар, операциялық микроскоптар, жергілікті және жалпы анестезияның әртүрлі түрлері бар, олардың көмегімен хирургиялық араласу уақыты азайып, науқастар ауырсынуды сезбейді.
Жалпы республикамыздың тұрғындарына хирургиялық көмек - алғашқы мамандандырылған көмек стационарлары мен амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымдарында, оның ішінде стоматология бөлігінде де көрсетілуде.
Жыл басында емханалар мен стационарларда қызмет ететін барлығы 12,9 мыңнан астам хирургиялық бейіндегі кәсіби дәрігерлер тіркелген болса, оның ішінде 1,4 мың адамы - ауылдық жерлерде. Сондай-ақ, елде хирургиялық бейінде 29 шетелдік дәрігер жұмыс істеуде, оның 10-ы жеке ұйымдарда қызмет етуде.
Үстіміздегі жылдың шілде айының қорытындысымен елдегі стационарларда барлығы 10,4 мыңнан астам хирургиялық бейіндегі төсек орындар тіркелген, оның 13,6% – балаларға арналған орындар. Төсек орындардың негізгі пайызы жалпы хирургиялық бейінге (57,7%), травматологиялық (27,9%) және нейрохирургиялық (15,4%) бейіндерге тиесілі болды.
2023 жылдың 8 айында тәулік бойы стационар қызметін алған 2 млн. тұрғынның 30% - ы хирургиялық бейін бойынша өткен. Мәселен, ағымдағы жылы 594 мың науқас жедел ем алды, оның ішінде 65,6 мың бала. Сонымен қатар, жедел араласу жағдайлары 55%-ды құрады.
Бүгінгі таңда елімізде халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің (ЖТМК) 80 түрі қолжетімді. 2023 жылдың 8 айында 15 мыңнан астам адамға ЖТМК қызметі көрсетілсе, оның ішіндегі 39% - кардиохирургиялық бейіндегі операциялар (5,8 мың технология).
Осы тұста айта кету керек, Қазақстан кардиохирургияның даму деңгейі бойынша үздік 30 елдің қатарында.
Адамның денсаулығы мен аурудың сипаты әрдайым тәулік бойы бақылау мен емдеудің мамандандырылған стационарына жатқызуды қажет етпейді. Осылайша, күндізгі стационар жағдайында 107 мыңнан астам науқас жедел ем алған болса, оның 8,1%-ы балалар. Орындалған операциялардың негізгі үлесі катаракта факоэмульсификациясы (18%), тері мен тері астындағы тіндерге операциялары (5,6%), жұмсақ тіндердің абсцессін ашу және дренаждау (5,4%) құрады.
Бүгінгі күні отандық хирургтардың жетістіктері халықаралық дәрежеде дәлелденген.
Осы мерекелік күні Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО қызметкерлері хирургиялық қоғамдастықтың барлық өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, денсаулық, кәсіби табыс және хирургиялық сәттілік тілейді!