Шомылу маусымындағы балалар өмірінің қауіпсіздігі

Ыстық ауа райының басталуымен, жазғы кезеңде су айдындарында (су қоймалары, арналар, өзендер, көлдер) балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Сізден: табиғи және жасанды су айдындарында өзін-өзі ұстау ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.

 

 

 

 

Балаларға қатаң тыйым салынады:

  • су айдынында ересектердің қадағалауынсыз болу;
  • бейтаныс жерлерде шомылу;
  • ересектердің қадағалауынсыз үрлемелі матрастарда, камераларда және басқа да жүзу құралдарында;
  • тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;
  • жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан тыс жүзу;
  • бейтаныс жерлерде, айлақтардан және осы мақсаттарға бейімделмеген басқа да құрылыстардан суға секіруге;

 

 

 

Балаларға келесі ережелерді сақтау қажет:

  • арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылыңыз.
  • суға кірмес бұрын бірнеше жеңіл жаттығулар жасау арқылы жылынуды жасаңыз
  • судың температурасы денеге ыңғайлы екеніне көз жеткізіп, біртіндеп суға кіріңіз (белгіленген нормадан төмен емес).
  • табиғи су айдынында шомылу кезінде белгіленген қоршау белгілерінен тыс жүзбеңіз, моторлы қайықтарға және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзбеңіз.
  • қызып кетпес үшін жағажайда бас киімде демалыңыз.

Ұзақ шомылу денсаулық үшін де қауіпті екенін және шомылудың ұзақтығы негізінен ауа температурасына, суға және желдің күшіне байланысты екенін атап өткен жөн.

 

 

Шомылудың ең қолайлы режимдері:

  • судың температурасы + 18 градус, шомылу уақыты 6-8 минут;
  • судың температурасы + 20 градус, шомылу уақыты 10-12 минут;
  • судың температурасы +20 градустан жоғары, шомылу уақыты 15 минутқа дейін;

Балаларға көбірек көңіл бөлу, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізу, су қоймаларының жанында демалу кезінде оларды қараусыз қалдырмау қажет.

 

 

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Суда қауіпсіз шомылу ережелерін бұзу адамдардың (соның ішінде балалардың) қаза болуының басты себебі.