Дәрілерді қалай және неге дұрыс қабылдау керек?
- Дәріні қабылдар алдында, дәрігердің тағайындауларын не болмаса препаратқа қосымша берілген нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Мыналарға баса назар аударған жөн:
- бір реттік қабылдауға ұсынылатын доза;
- бір тәулікте қабылданатын дәрінің көлемі.
Осының барлығы қажетті терапевтік әсер алу үшін де, препараттың жанама әсерлерінің ықтималдылығын төмендету үшін де өте маңызды.
Ағзамызыздың тәулік бойы жұмыс істейтіндігін ескере отырып, таблетканы қабылдауды мүмкіндігінше тең уақыт аралығына бөлу қажет. Әсіресе бұл микробқа қарсы дәрілерге қатысты, өйткені микробтар демалыс, түскі асқа қарамай үздіксіз жұмыс істейді. Яғни, екі мәрте қабылдау кезінде дәріні 12 сағаттық интервалмен, үш мәрте кезінде — 8 сағаттық, төрт мәрте кезінде — 6 сағаттық интервалмен қабылдаған жөн.
- қабылдау уақыты мен әдісі, емдеу курсының ұзақтығы.
Препаратты дәрігер көрсеткен немесе нұсқаулықта ұсынылған уақытта қабылдаудың маңызы зор! Олай болмаған жағдайда, дәрілер пайдасыз болып қалуы немесе тіпті зиян келтіруі де мүмкін. |
2) Тағы бір маңызды ақпарат — дәріні қабылдау шарттары: аш қарынға, аспен бірге немесе біраз уақыт өткен соң.
Кейбір дәрілер асқазанда немесе ішекте ғана сіңіріледі, кейбіреулері – ішекте ғана сіңірілуі тиіс. Бұл асқазан-ішек жолында болып жатқан үрдістерге байланысты. Тағам, сондай-ақ оны қорыту кезінде бөлінетін асқазан сөлі, асқорыту ферменттері және өт дәрімен байланысқа түсіп, оның қасиеттерін өзгертіп жіберуі мүмкін. Міне, сондықтан да дәріні қабылдау уақытына мән бермей қарауға болмайды: тамақтанудан бұрын, аспен бірге немесе одан кейін.
3) Тағы бір маңызды нәрсе - дәріні қандай сұйықтықпен қабылдау керек. Қабылданатын дәрілік заттардың тиміділігі мен фармацевтикалық қасиеттеріне тікелей әсер ететін өнімдер де бар. Мысалы, тетрациклин антибиотиктерін сүтпен ішуге болмайды, өйткені оның құрамындағы кальций, препаратпен байланысқа түсіп, оның әсерін әлсіретеді.Ең дұрысы дәріні бөлме температурасындағы 100 мл қайнаған сумен ішуді әдетке айналдырған жөн!
Есіңізде болсын! Қабықшамен қапталғандардың барлығын немесе капсуланы шайнаудың немесе тістеудің қажеті жоқ. Көптеген дәрілер өзара байланысқа түседі, сондықтан да мүмкіндігінше дәрілерді кезегімен қабылдауға тырысыңыз.
Дәрігердің тағайындауларын сіздің ойыңызша «пайдалы» «иммунитетті нығайтатын», «бауырды қорғайтын», «суық тигеннен сауығуды жеңілдететін» дәрілермен немесе өсімдік жинақтарымен ешқашан толықтырмаңыз. Әрдайым өз тілектеріңізді дәрігерге білдіріп және барлық жаңа енгізілімдерді келісіп отырыңыз.
Құрметті қазақстандықтар, өз өмірлеріңізді, денсаулықтарыңызды және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қараңыз! Дәрілік заттарды дәрігердің тағайындауынсыз қабылдамаңыздар! Қандай да болмасын препаратты қабылдаудың қажеттігін тек дәрігер ғана анықтай алатындығын естен шығармаңыздар.
Дәрілік заттардың қолданылуына қатысты сұрақтарыңыз болса - тегін телефон желісіне 8 800 080 88 87 қоңырау шалыңыз. Біздің қызметіміз Сіздерге арналады!
Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы, ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК