Әлеуметтік сауалнаманың қорытындысын шығарды

 
Сауалнаманың мақсаты - денсаулық сақтау cаласы менеджерлерінің медициналық ұйымдағы корпоративтік басқару және менеджмент қағидаттары туралы хабардар болу дәрежесін айқындау.
Сауалнамаға 962 респондент қатысты, оның құрамында медициналық ұйымдардың басшылары (51,4%) және олардың орынбасарлары (48,6%) бар.
Алматы қ. (16,6%), Шығыс Қазақстан обл. (11,1%), Павлолдар обл. (9,5%) белсенділік көрсетсе, керісінше Ақтөбе обл. (1,8%), Қостанай облыстары (1%) сауалнамада төмен атсалысты.
Менеджерлердің 80% - дан астамы Бақылау кеңесінің (БК) шешімдерінің орындалуына тұрақты мониторинг жүргізілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, респонденттердің 22% сауалнаманың әрбір бесінші қатысушысы БК мүшелерінің жұмысы медициналық ұйымның дамуына әсер етпейді және медициналық ұйым қызметкерлерінің уәждемесін арттыру мәселелерін шешпейді деп санайды.
Әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша, Бақылау кеңесінің құрамымен 91,5 % ақпараттандырылғаны, Бақылау Кеңесі құрамының 82,7 % Кеңестің медициналық ұйымдарға қажеттігін, 86,9% корпоративтік басқарудың басымдығын атап өткен.