Денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамытуды нығайту жөніндегі стратегиялық бастамалар

 

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ұйымдастырған пікірталас алаңында «Денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамытуды нығайту жөніндегі стратегиялық бастамалар» тақырыбы талқыланды.

Талқылау барысында денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын басқарудың институционалдық әлеуетін арттыру және денсаулық сақтау саласы кадрларын даярлау сапасын арттырудың негізі ретінде салалық біліктілік жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

ДСДРО атынан спикер ретінде Денсаулық сақтау менеджменті және кадрлық ресурстар орталығына қарасты денсаулық  сақтау кадрлық ресурстары обсерваториясының бастығы бағым Биболова, Білім және ғылымды дамыту орталығының басшысы Виталий Койков сөз сөйледі. Сондай-ақ, сарапшылар ретінде медициналық ЖОО-ның, үкіметтік емес ұйымдардың, медициналық қоғамдастықтың өкілдері мен ғылыми қайраткерлер шақырылды. Онлайн-кездесу барысында сарапшылар мен спикерлер пікір алмасып, кеңестерімен бөлісті, сұрақтарға жауап берді.

«Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбеков РЦРЗ ұсынатын денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін дамыту жөніндегі стратегиялық бастамаларды толық қолдайтынын атап өтті.

- Сондай-ақ әзірленген салалық біліктілік шеңберлері қазіргі уақытта өте қажетті деп санаймын, келешекте осы тақырыпты сала мамандарымен бірлесе отырып талқылауды ұсынамын. Денсаулық сақтауды реформалауды әдіснамалық қолдаудағы ДСДРО-ның маңызды рөлін атап өткім келеді. Бұл ретте ұсынылатын шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында ДСДРО-ға ғылыми-практикалық орталық мәртебесін беру қажет деп санаймын, - деді сарапшы.

Ал «Қазақстандық денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Тәжібай салалық біліктілік шеңберін әзірлеу барлық мүдделі тұлғалардың белсенді қатысуын талап ететін дер кезіндегі бастама екенін айтты. Сондай-ақ, ол жас кадрларды тұрақтандыру және денсаулық сақтау кадрларының гендерлік саясаты мәселелерін пысықтаудың маңыздылығына тоқталды.

Айта кету керек, тікелей эфир 1000-ға жуық адамды қамтыды, бұл кәсіби аудиторияның денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін нығайту мәселелерін талқылауға  деген қызығушылығының жоғары екендігін көрсетеді.