Ұлттық денсаулық сақтау шоттары

 

Бүгінгі таңда ҰДСШ әлемнің 190-нан астам елін құрайды, Қазақстан да бұл жұмысты 2010 жылдан бастап жыл сайын жүргізіп келеді. Оны қалыптастырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері «А system of health accounts 2011» (SHA 2011) Халықаралық әдістемесіне негізделген.

 

ҰДСШ макроэкономикалық көрсеткіштерді бағалауға көмектеседі:

- ЖІӨ-ге қатысты денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығыстардың үлесі

- ЖІӨ-ге денсаулық сақтауға жұмсалатын ағымдағы шығыстардың үлесі

- ЖІӨ-ге денсаулық сақтауға арналған мемлекеттік шығыстардың үлесі

- ЖІӨ-ге денсаулық сақтауға арналған жеке (қалталық) шығыстардың үлесі

 

Бұдан басқа, ҰДСШ көмегімен көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалауды жүргізуге және көрсетілетін қызметтер мен медициналық қызметтерді берушілер бойынша елдік, сондай-ақ өңірлік деңгейлерде экономикалық талдау жүргізуге болады.

2020 жылы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты бұрын Денсаулық сақтау шоттарының құрамына кірмеген COVID-19 жоюға бағытталған шығыстардың жаңа баптары пайда болды.

Ағымдағы жылы online режимінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы денсаулық сақтау статистикасы (Health statistics OECD) сарапшыларының және медициналық қызмет көрсету сапасы мен нәтижелері (Health Care Quality and Outcomes OECD) жөніндегі сарапшылардың отырысы өтті. Оған Денсаулық сақтауды дамыту орталығынының сарапшылары да қатысты.

Денсаулық сақтау статистикасының өзгеріп отырған қажеттіліктерін, медициналық көмектің сапасын өлшеу нұсқаларын талқылаудан басқа, мамандар пандемия 2020 жылғы денсаулық сақтауға арналған шығыстар көрсеткіштерінің құрамына да айтарлықтай әсер ететінін атап өтті, бұл денсаулық сақтауды қалыптастыру кезінде тәсілдемені қайта қараудың өзектілігін айқындайды.

Денсаулық сақтау экономикасы бөлімінің басшысы Забирова Эльмира policy brief-те денсаулық сақтау саласын қалыптастыру кезінде тәсілдемені жетілдіру бойынша ұсыныстарды алға тартты және ол ДСДРО сараптамалық кеңесінің мүшелерімен талқыланды.

-Ұлттық денсаулық сақтау шоттары жүйесіне емдеуге, тестілеуді өткізуге, вакцинациялауға, инвестицияларға және COVID– 19 байланысты өзге де шығыстарды енгізу ұсынылады, – дейді Эльмира Забирова. – Сонымен  қатар, халықтың COVID-19 байланысты жеке (қалталық) шығыстарын, мысалы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға, мамандардың консультациясына және т. б. шығындарын есепке алу проблемасы өзекті күйінде қалып отыр.

Денсаулық сақтау шоттары жүйесі элементтерінің түпкілікті ерекшелігі 2021 жылғы наурызда ЭЫДҰ сарапшыларының келесі отырысында талқыланбақ. Содан кейін COVID-19 таралуына және денсаулық сақтау жүйелерінің өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне байланысты ӨЖС қалыптастыру тәсілдерін жетілдіру жөніндегі халықаралық жұмыс тобы құрылатын болады.