Қазақстандағы аудиологиялық скрининг мәселелері: шешудің ықтимал жолдары

 

Түйін сөздер:балалардың есту қабілетінің патологиясы, ерте анықтау, аудиологиялық скрининг ұйымдастыру.

 

Иманова Жазира Ақтайқызы - «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы»  ШЖҚ РМКМедициналық көмекті жетілдіру орталығының басшысы, еmail: imanova.best@mail.ru;

Айнекова Жадыра Асылханқызы - «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы»  ШЖҚ РМКМедициналық көмекті жетілдіру орталығының бас маманы, еmail: ainekova.rcrz@mail.ru;

Түлепбекова Наиля Мәлікқызы–ҚРМУлор аурулары  кафедрасының ассистенті, №5 ҚКА сурдология бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ.ҚДБштаттан тыс балалар сурдологы, еmail:tulepbekovanailya@mail.ru;

Кұдайбергенова Әсел Үзенқызы –дәрігер сурдолог, Нұр-Сұлтан қ. ҚДСБштаттан тыс балалар сурдологы, «Астана медицина университеті» КЕАҚ ЛОР аурулары кафедрасының ассистенті, еmail:a.tapina30@gmail.com.

 

Есту қабілетінің бұзылуы баланың коммуникативтік дағдыларының дамуына кері әсер етеді, сөйлеу тілі дамуының кешеуілдеуіне және когнитивтік, эмоциялық және әлеуметтік саланың ауытқуына әкеледі. Есту қабілетін жоғалтудың негізгі себептері генетикалық кемістіктер, босану кезіндегі асқынулар, жүктілік кезіндегі ананың инфекциялық аурулары, туу кезіндегі дене салмағының төмендігі болып табылады.Есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау баланың дамуына құлақ мүкістігінің теріс әсерін азайтады.

Есту патологиясын ерте диагностикалау үшін көптеген елдерде есту қабілетінің әмбебап скринингі енгізілген.Жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың аудиологиялық скринингтік бағдарламаларының ойдағыдай болуы есту қабілетінен айырылған балаларды уақтылы сәйкестендіру, диагностикалау және емдеу болып табылады. Мәселен, АҚШ-та «2000 жылы барлық адамдар үшін денсаулық» мақсаттарының бірін қамтамасыз ету үшін Ұлттық денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу бағдарламасы шеңберінде 12 айдан аспайтын уақытқа сәйкестендірілген есту функциясы айтарлықтай бұзылған балаларға аудиологиялық скрининг жүргізу жасын қысқарту туралы шешім қабылдады. [1,2].

 2007 жылыCenters for Disease control and prevention (CDC)Early Hearing Detection and Intervention (бұдан әрі - EHDI)мақсаттарына сәйкес қызметтерді алу туралы ақпаратты қамтитын АҚШ-та жаңа туған нәрестелердің аудиологиялық скринингі бойынша мониторинг және бақылау деректерін жинауды жүргізді, атап айтқанда: есту қабілетінің скринингі 1 айға дейін, диагностика және аудиологиялық бағалауесту қабілетін зерттеу нәтижесі «Өтпеді» сәбилер үшін 3 айлық жасқа дейін, сондай-ақ EHDI мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тікелей көмек алған 6 айына дейін ерте хирургиялық араласуды алған есту қабілетінен айырылған сәбилерді есепке алу [3].

Барлық әлемде аудиологиялық скрининг бойынша үміт артатын нәтижелер жарияланғаннан кейін жаңа туған нәрестелерге скрининг және аудиологиялық бағалау кеңінен жүргізіледі. Дегенмен, бүгінгі күні ағымдағы тәжірибеде аудиометрияны және басқа да электрофизиологиялық тестілерді пайдалануға қатысты консенсус жоқ.Бүкіл әлемде бірнеше процедуралар мен әдістер сипатталған және насихатталған, бірақ педиатриялық аудиология популяциясындағы диагностиканы жүргізудің жүйелі схемасы жоқ[4].

Ұлыбританияда жүргізілген аудиологиялық скрининг нәтижелеріне жүргізілген ретроспективті талдау 2004-2013 жылдар кезеңінде 4/5 апталық жастағы скринингтен жалпы санының 97,5%-ы және 98,9%-ы 3 айдан кейін толық скринингтен өткенін көрсетті [5], сәйкестендіру жасы және соңғы диагноз қою кезінде бала өмірінің алғашқы 6 айында болғанын көрсетті[5, 6].

Канада өңірлерінің бірінде жаңа туған нәрестелерге аудиологиялық скрининг жүргізудің кемшіліктері анықталды, онда соңғы диагнозды кеш растай отырып, ерте бағалау үшін іріктелген және осының салдарынан оңалту іс-шараларын уақтылы алмаған балалар саны анықталды [7].

Осылайша, жаңа туған нәрестелердің аудиологиялық скрининг бағдарламасы сезімталдық пен ерекшеліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. АҚШ-та немесе Еуропада аудиологиялық скринингті көпдеңгейлі ұйымдастыру деген жоқ, атап айтқанда МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрамында ашылған баланы дамыту кабинеттерінде (бұдан әрі– БДК) екінші деңгей жүргізілмейді.

 

Мақсаты:Қазақстанда аудиологиялық скринингтің екінші кезеңін өткізуді талдау, БДК-да аудиологиялық скринингтің екінші деңгейін жүргізудің қажеті бар ма?

 

Материалдар мен әдістер.Аудиологиялық скрининг нәтижелерін бағалау үшін Қазақстан аумағында аудиологиялық скрининг өткізу туралы мәліметтер пайдаланылды. Зерттеу 0-ден 3 жасқа дейінгі 655 654 балада жүргізілді.

 

Нәтижелер және талқылау. Қазақстан Республикасында аудиологиялық скрининг «Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі №704 бұйрығына сәйкес отоакустикалық эмиссияны және/немесе туындаған отоакустикалық эмиссияны (бұдан әрі – ОАЭ немесе ТОАЭ) тіркеу әдісімен барлық жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы (үш жасқа дейінгілерді қоса алғанда) балалардың есту өткірлігінің бұзылуын уақтылы анықтау мақсатында жүргізіледі.

Аудиологиялық скринингті ұйымдастыру үш деңгейден тұрады:

1) аудиологиялық скринингтің бірінші деңгейін перинаталдық орталықтар, перзентханалар, көп бейінді стационарлар құрамындағы перзентхана бөлімшелері жүргізеді;

2) аудиологиялық скринингтің екінші деңгейін МСАК ұйымдары БДК-да жүргізеді;

3) аудиологиялық скринингтің үшінші деңгейін қала, аудан клиникаларында, сурдологиялық кабинеттерде МСАК ұйымдары жүргізеді.

Біз аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының деректері бойынша аудиологиялық скринингке талдау жүргіздік.

17 облыстыңішінде 9 облыстағанаертежастағыбалаларғааудиологиялықскринингтіңекіншідеңгейіжүргізіледі, 8 облыста, атапайтқанда: Ақмола, Атырау, ШығысҚазақстан, Қостанай, Қызылорда, СолтүстікҚазақстан, Шымкент, Алматы қалаларында, аудиологиялық скрининг БАӘ аппараттарыныңболмауы мен ақаулығынабайланысты ҚР-да құлақмүкістігінертеанықтау үшін БДК-дажүргізілмейді.

ДСБ мәліметтеріне сәйкес 01.10.2019 ж.жағдайбойыншаҚазақстанРеспубликасындаертежастағы861 206 бала тұрады, оныңішінде2018 жылдың осы кезеңі бойынша ертежастағы678 903 немесе 77%балаларға қарсыекіншідеңгейдеаудиологиялықскринингпен655 654 немесе 76%ертежастағыбалаларқамтылды. Аудиологиялық скрининг ерте жастағы 134 990балағанемесе 16%-ына жүргізілмеген.

Бұлреттетексерілгенертежастағыбалалардың:

- 600 546ертежастағыбаладанемесе92% жағдайдатест нәтижесіекіқұлақта да «Өтті»(естунормасы);

- ертежастағы1 363баладанемесе0,2% жағдайдатест нәтижесіекіқұлақта да«Өтпеді» (екіжақтыесту қабілетінің төмендеуі);

- ертежастағы17 640баладанемесе2,6% жағдайда тест нәтижесібірқұлақта«Өтті»жәнеекіншіқұлақта«Өтпеді» (естудіңбіржақты бұзылуына күдіктену).

Сурдологиялықкабинеттергетереңдетілгентексеружүргізу үшін ерте жастағы 16 898 бала немесеанықталғандардыңжалпысанының2,6% - ыжіберілді.

Екіншідеңгейдеаудиологиялықскринингпенең аз қамтумынадайөңірлердебайқалады:

  • Нұр-Сұлтанқаласында 63384 ертежастағыбалалардың 14%-ынемесе 9025 ертежастағыбалалараудиологиялықскринингіменқамтылған;
  • Ақтөбеоблысында 74338 ертежастағыбалалардың 37%-ынемесе 27267 ертежастағыбалалараудиологиялықскринингіменқамтылған;
  • Павлодар облысында 36410 ертежастағыбаланың 41%-ынемесе 14815 ертежастағыбалалараудиологиялықскринингіменқамтылған;
  • Алматы облысында 182217 ертежастағыбаланың 60%-ынемесе 109662 ертежастағыбалалараудиологиялықскринингіменқамтылған.

Іс жүзінде БДК-да аудиологиялық скрининг жүргізугетехникалықжағдайларболмағанкезде, атапайтқанда: тынышжағдайжасау, кабинеттегішуданоқшаулаудықамтамасызету (бала тынышнемесеұйықтапжатуытиіс) № 704 бұйрық алдыңғы скрининг нәтижелеріне қарамастанәртоқсансайын 1 жасқадейінгі балаларға аудиологиялық скрининг жүргізуқажеттілігінреттейді.

Жоғарыдабаяндалғандар № 704 бұйрыққаекіншідеңгейдегіаудиологиялықскринингті МСАК көрсететінденсаулықсақтауұйымдарыныңБДКшарттарынанбас тарту немесе амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың консультациялық-диагностикалықбөлімшелерініңсурдологиялықкабинеттеріжағдайларынаауыстыру бөлігінде өзгерістер мен толықтыруларенгізуқажеттігінкуәландырады.

Қорытынды: Аудиологиялық скрининг есту мүкістігі және кереңдігі бар ертежастағыбалаларды уақытылы анықтау, ертеараласу, оңалтужәне әлеуметтендіру шарттарыныңбіріболыптабылады.Денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейіжоғарыелдердеаудиологиялықскринингтіңкөп деңгейлі (3 кезеңдік) жүйесі жоқ.

Елдеаудиологиялық скрининг бағдарламасыныңтөментиімділігібалалардыңаудиологиялықскринингпентолыққамтылмауымен, сурдологиялықкабинеттергетолықтексерілугекешбағытталуымен, дер кезіндеанықталғанбалалардың төмен үлесімен дәлелденді. Аудиологиялық скрининг бағдарламасы тиімділігінің төмен болуына жергілікті жерлерде аудиологиялық скрининг жүргізуге арналған аспаптармен жарақтандыру деңгейінің  жеткіліксіздігі, көп деңгейлі шығындық және іске асырылмайтын 3 деңгейлі жүйенің болуы, орта медициналық персоналдың жоғары тұрақтамауы салдарынан арнайы дайындалған мейірбике кадрларының болмауы, БДК-ның өзге де функционалдық міндеттермен жүктелуі себепші болып табылады.Медициналық ақпараттық жүйелерге (МАЖ) деректерді енгізе отырып, аудиологиялық скрининг қорытындысы бойынша деректерді цифрландыру мәселесі шешілмеген.Жоғарыда аталған барлық мәселелерді авторлар«Аудиологиялық скринингтің екінші деңгейі: оны МСАК ұйымдарының баланы дамыту кабинеттерінде жүргізудің қажеті бар ма?» (PolicyBrief) талдамалық анықтамасында баяндаған [8].

Әдебиеттер тізімі:

1.U.S. Department of Health and Human Services, Public Health Service. Healthy People 2000: National Health Promotion and Disease Prevention Objectives. Washington, DC: U.S. Government Printing Office; 1990.

2.Vohr BR, Carty LM, Moore PE, et al. The Rhode Island Hearing Assessment Program: Experience with statewide hearing screening (1993–1996) J Pediatr. 1998; 133:353–357. https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/9738715

3.Winnie ChungKathryn L. Beauchaine,Jeff Hoffman,Kirsten R. Coverstone,Anne Oyler,and Craig MasonEarly Hearing Detection and Intervention-Pediatric Audiology Links to Services EHDI-PALS: Building a National Facility DatabaseEar Hear. Author manuscript; available in PMC 2017 Jul. Ear Hear. 2017 Jul-Aug; 38(4): e227–e231.doi:  10.1097/AUD.0000000000000426https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC5484047/

4.Cubillana-Herrero JDPelegrín-Hernández JPSoler-Valcarcel AMínguez-Merlos NCubillana-Martínez MJNavarro Barrios Á, Medina-Banegas AFernandez Hernandez JA1.The assessment of the Newborn Hearing Screening Program in the Region of Murcia from 2004 to 2012. Int J Pediatr Otorhinolaryngol. 2016 Sep;88:228-32. doi: 10.1016/j.ijporl.2016.07.009. Epub 2016 Jul 12 https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/27497420

5.Fitzpatrick EMDos Santos JCGrandpierre VWhittingham J. Exploring reasons for late identification of children with early-onset hearing loss.Int J Pediatr Otorhinolaryngol. 2017 Sep;100:160-167. doi: 10.1016/j.ijporl.2017.06.039. Epub 2017 Jul 1. https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/28802365

6.Winston-Gerson RSabo DL Hearing Loss Detection in Schools and Early Child Care Settings: An Overview of School-Age Hearing  Screening  Practices. NASN Sch Nurse. 2016 Sep;31(5):257-62. doi: 10.1177/1942602X16661362. Epub 2016 Aug 1. https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/27481476

7.World Health Organization[интернет ресурс]2019httpa:\\ www.who.int\cancer\prevention\diagnosi

  1. PolicyBrief) «Второй уровень аудиологического скрининга:стоит ли проводить его в кабинетах развития ребенка организаций ПМСП?»http://www.rcrz.kz/index.php/ru/2017-03-12-10-51-14/analiticheskaya-spravka-policy-brief